Самуилдің 2-жазбасы
6 Дәуіт Исраилдің таңдаулы жасақтарын, 30 000 ер адамды, қайтадан қасына жинап алып, 2 Құдайдың келісім сандығын әкелу үшін барлығы Бағала-Яһудаға аттанды+. Жұрт сандық қойылған жерге барып, керубтердің үстінде* отыратын+ Әскербасы Ехобаның+ атын атап жалбарынатын. 3 Дәуіт пен қасындағылар Құдайдың келісім сандығын жаңа арбаға салып+, Әбинадаптың төбе басында тұрған үйінен алып шықты+. Арбаны Әбинадаптың Ұзах және Ахио деген екі ұлы бастап жүрді.
4 Осылай олар Әбинадаптың төбе басында тұрған үйінен Құдайдың келісім сандығын алып шықты. Ахио сандықтың алдында келе жатты. 5 Дәуіт пен бүкіл исраилдіктер аршадан жасалған түрлі аспаптарда ойнап, арфа және басқа да ішекті аспаптар тартып+, даңғыра+ мен жез табақшалар қағып+, асатаяқ сілкіп, Ехобаның алдында ән салып, би билеп келе жатты. 6 Олар Нахон қырманына жеткенде, бұқалар арбадағы келісім сандығын құлата жаздағандықтан, Ұзах қолын созып, сандықты ұстай алды+. 7 Ұзахтың осындай әрекетке дәті барғанына+ Ехобаның қаһары лаулап, оны жазалады+. Ол сол бойда шынайы Құдайдың келісім сандығының қасында тіл тартпай кетті. 8 Дәуіт Ехобаның Ұзахқа қаһарын төккеніне ашуланды*. Сондықтан бұл жер әлі күнге дейін Пәрес-Ұзах* деп аталады. 9 Дәуіт сол күні Ехобадан қорқып+: “Мен тұратын жерге Ехобаның келісім сандығы қалай әкелінбек?”— деді+. 10 Осылайша Ехобаның келісім сандығын өзі тұрып жатқан Дәуіттің қаласына+ әкелгісі келмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйіне апарғызды+.
11 Ехобаның келісім сандығы сол үйде үш ай тұрды. Ехоба Ғабит-Едом мен оның бүкіл үй ішін жарылқап отырды+. 12 Дәуіт патшаға “Шынайы Құдайдың келісім сандығының арқасында Ғабит-Едомның бүкіл үй іші мен иелігі Ехобаның батасына кенелді” деген хабар жетті. Сонда ол шынайы Құдайдың келісім сандығын Ғабит-Едомның үйінен зор қуанышпен Дәуіттің қаласына әкелмек болып жолға шықты+. 13 Ехобаның келісім сандығын көтеріп келе жатқандар+ алты қадам жасағанда, Дәуіт бір бұқа мен бір бордақы малды құрбандыққа шалды.
14 Дәуіт үстіне зығыр ефод киіп, Ехобаның алдында барын салып билеп жүрді+. 15 Осылай бүкіл Исраил үйі патшамен бірге шаттана дауыстап+, кернейлетіп+ Ехобаның келісім сандығын+ әкеле жатты. 16 Ехобаның келісім сандығы Дәуіттің қаласына кіргенде, Саулдың қызы Михал+ терезеден қарап тұрған еді. Ол Ехобаның алдында Дәуіт патшаның секіріп, билеп жүргенін көріп, оны іштей кемсітті+. 17 Дәуіт Ехобаның келісім сандығын арнайы жасатқан шатырға қойдырды+. Содан соң Ехобаның алдында түгел өртелетін+ және татулық құрбандықтарын+ ұсынды+. 18 Құрбандық шалып біткен соң, халыққа Әскербасы Ехобаның атымен батасын берді. 19 Ол жиналған бүкіл халыққа, қалың Исраил жұртына, еркек-әйел демей әрқайсысына, бір-бір тесік күлшеден және кептірілген құрма күлше мен мейіз күлшеден берді. Содан кейін жұрт үйді-үйіне тарасты.
20 Дәуіт өз үйіндегілерге батасын беруге келгенде, алдынан Саулдың қызы Михал+ шығып: “Бүгін Исраил патшасы тура бір ақымақтар сияқты, қызметкерлерінің күңдерінің алдында жалаңаш жүріп, зор даңққа бөленді ғой!”— деді+. 21 Дәуіттің жауабы мынау болды: “Қуансам, Ехоба Құдайдың алдында қуандым. Ехоба мені әкең мен оның әулетінің орнына өз халқы Исраилге басшы етіп қойды+. Сондықтан Ехобаның алдында қуанып, 22 бұрынғыдан да кішірейемін, тіпті өз көз алдымда төмен боламын. Бірақ өзің айтып тұрған күңдер арқылы даңқым артады”. 23 Саулдың қызы Михал+ өле-өлгенше құрсақ көтермеді.