Петірдің 1-хаты
4 Ендеше, Мәсіх тәнінде азап шеккендіктен+, сендер де осындай ой қалып танытуға дайын болыңдар. Өйткені тәнінде азап шеккен адам күнә жасауды қойып+, 2 қалған тәндік өмірін адамға тән құмарлықтарды қанағаттандыруға емес+, Құдайдың еркін орындауға арнайды+. 3 Өйткені бұрынырақта сендердің басқа халықтар сияқты+, өрескелдікке*, нәпсіқұмарлыққа, маскүнемдікке беріліп, ырду-дырду той-думан құрумен, сылқия тойғанша жарыса ішумен, жиренішті пұттарға табынумен өмір кешкендерің жетеді+. 4 Олар енді өздерімен бірге осындай бейбастақ істердің шалшығына аунамайтындарыңа таңғалып, сендерді жамандайды+. 5 Бірақ мұндай адамдар тірілерді де, өлілерді де соттауға дайын тұрғанның алдында есеп беретін болады+. 6 Сондықтан өлілерге де ізгі хабар жарияланды+. Мұның мақсаты — олардың адамдар тұрғысынан тән бойынша сотталса да, Құдай тұрғысынан рух бойынша өмір сүруі.
7 Барлық нәрсенің соңы таяп қалды. Сондықтан байыппен ойланыңдар+ және дұға етуге әрдайым дайын болыңдар+. 8 Бәрінен бұрын, бір-біріңді барынша сүйіңдер+, өйткені сүйіспеншілік көптеген күнәні жабады+. 9 Бір-біріңе наразылықсыз қонақжайлылық көрсетіңдер+. 10 Құдайдың түрлі жолмен көрсетілген рақымының үлгілі басқарушысы ретінде, әрқайсысың қай мөлшерде сый алсаңдар, оны бір-біріңе қызмет ету үшін сол мөлшерде қолданыңдар+. 11 Кім сөйлесе, Құдайдың киелі сөздерін айтсын. Кім қызмет етсе, Құдайдың күшіне сүйеніп қызмет етсін+. Сонда барлық жағдайда Иса Мәсіх арқылы Құдай мадақталады+. Даңқ та, құдірет те мәңгілік соған тиесілі. Аумин.
12 Сүйікті бауырластар, оттай жанып тұрған қиындықтар арқылы сыналғанда+, мұны оғаш нәрседей көріп, таңғалмаңдар. 13 Қайта, Мәсіхтің азабына ортақтас екендеріңе+ қуана беріңдер+, сонда оның салтанатты ұлылығы анық көрінген кезде де қуана шаттанатын боласыңдар+. 14 Егер Мәсіхтің есімі үшін қорлық сөздер естіп жүрсеңдер, бақыттысыңдар+, өйткені бұл сендерде ұлылық рухының, яғни Құдай рухының, бар екенін көрсетеді.
15 Алайда араларыңда ешкім кісі өлтіруші, ұрлықшы, зұлымдық жасаушы не өзгелердің ісіне араласатын адам ретінде жапа шегуші болмасын+! 16 Ал мәсіхші ретінде жапа шегіп жүрсе, бұған ұялмасын+, қайта, осы атқа сай өмір сүруімен Құдайды мадақтай берсін. 17 Өйткені соттау үшін белгіленген уақыт келіп жетті, әрі сот Құдай үйінен+ басталады. Егер ол алдымен бізден басталатын болса+, Құдайдың ізгі хабарына мойынсұнбайтындардың соңы қандай болмақ+?! 18 “Әділ адамның өзі зорға құтқарылып жатса, құдайдан безгенмен және күнәкармен не болмақ?!”+ 19 Ендеше, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жатқандар жақсылық жасай жүріп, өз жандарын сенімді Жаратушыға тапсырсын+.