Зәбүр
Қорах ұлдарының жыры+. Ән.
87 Құдайдың қаласының іргетасы киелі тауға қаланған+.
2 Ехоба Жақыптың күллі шатырларынан гөрі
Сион қақпаларын көбірек ұнатады+.
3 Уа, шынайы Құдайдың қаласы, сен жайлы керемет жайттар айтылып жатыр+. (Села)
Әрқайсысы жайлы: “Ол осы жерде туылған”,— деймін.
5 Ал Сион жайлы былай делінеді:
“Бірі қалмай, бәрі де осында туылған”.
Оны Құдай Тағаланың өзі нығайтады.
6 Халықтарды тіркеуден өткізгенде, Ехоба әрбірі жөнінде:
“Ол осы жерде туылған”,— деп жариялайды. (Села)
“Баталарымның қайнары өзіңсің”,— дейтін болады+.