Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
2 Ол мені шапшыған суы бар ордан,
Мибатпақтан алып шықты.
Жартас үстіне берік тұрғызды,
Қадамымды нық басқызды.
3 Сосын маған жаңа ән,
Құдайымызға арналған мадақ әнін айтқызды+.
Мұны көрген көпшілік тамсанып таңдай қағады,
Сенімдерін Ехобаға артады.
4 Тілазарларға да, өтірікшілерге де жүгінбейтін,
Қайта, Ехобаға арқа сүйейтін адам бақытты.
Саған ешкім тең келмейді+;
Істерің жайлы айтқым келсе де,
Олардың көптігінен бәрін атап шыға алмас едім+!
Түгел өртелетін және күнә үшін берілетін құрбандықты да талап етпедің+.
7 Сонда мен былай дедім: “Міне, мен келдім.
Бір шиыршықта мен туралы жазылған+.
8 Өзіңнің еркіңді орындауға құштармын, уа, Құдайым+.
Заңыңды жүрегімнің түкпірінде ұстаймын+.
9 Әділдік туралы ізгі хабарыңды үлкен жиында жариялаймын+.
Қарашы, тіліме тосқауыл қоймаймын+,
Мұны өзің де жақсы білесің, уа, Ехоба Құдайым.
10 Әділдігіңді жүрегімде жасырын күйі қалдырмаймын.
Адалдығың мен құтқаруың туралы жариялаймын.
Айнымас сүйіспеншілігің мен шындығыңды үлкен жиында жасырмаймын+”.
11 Уа, Ехоба, мейіріміңді менен аямашы.
Айнымас сүйіспеншілігің мен шындығың лайым мені қорғай берсін+.
Олардың саны басымдағы шашымнан да көп,
Содан үмітім үзіліп, жігерім құм болды.
14 Жанымды алудың жолын іздеп жүргендердің бәрі
Ұятқа қалып, қарабет болсын.
Бақытсыздыққа ұшырағаныма қуанатындардың бәрі масқара болып кері шегінсін.
15 Маған: “Ә, бәлем, сауап болды!”— дейтіндер
Жер болып, абдырап қалсын.
“Ехоба марапатталсын!”— десін+.
17 Ал мен дәрменсіз әрі бейшарамын;
Ехоба маған назарын салғай.