Зәбүр
Дәуіттің жыры.
15 Уа, Ехоба, сенің шатырыңда кім қонақ бола алады?
Киелі тауыңда кімнің тұруына болады+?
3 Ол тілімен ешкімге жала жаппайды+,
Өзгенің ала жібін аттамайды+,
Достарын да даттамайды+,
4 Жексұрын адамды еш жаратпайды+,
Ал Ехобадан қорқатындарды сыйлайды,
Өзіне залал келсе де, уәдесінен таймайды+,
5 Өсім алу үшін қарызға ақша бермейді+,
Кінәсізді айыптау үшін пара алмайды+.
Осының бәрінен аулақ жүретін адам нық тұрып, еш шайқалмайды+.