Мұсаның 3-жазбасы
22 Ехоба әрі қарай Мұсаға былай деді: 2 “Харон мен оның ұлдарына мынаны айт: —Олар исраилдіктердің маған бағыштаған әрі ұсынған қасиетті тартуларын+ бұрыс қолданудан сақ болсын, менің киелі есімімді қорламасын+. Мен Ехобамын. 3 Оларға мына сөзімді де жеткіз: —Егер үрім-бұтақтарыңның бірі Исраил ұлдарының Ехобаға бағыштаған қасиетті тартуларына таза емес күйінде жақындаса, мұндай жан өлтірілсін+. Мен Ехобамын. 4 Харон ұрпағынан кімде-кім алапеспен ауырса+ не жыныс мүшесінен ірің ақса+, онда мұнысынан тазармайынша, қасиетті тартулардан жеуіне болмайды+. Сонымен қатар өлген адамның мәйітіне тиіп арамдалған біреуге жанасқан+, шәуеті аққан+, 5 я болмаса жер бетінде құжынаған арам мақұлықтардың біріне тиген+ немесе кез келген басқа себеппен арамдалған кісіге тиіп, таза емес болған адам да одан жемесін+. 6 Осылардың біріне тиген адам кешке дейін таза емес. Жуынбайынша+, оның қасиетті тартулардан жеуіне болмайды. 7 Ал күн батқан соң, ол таза болады. Сонда қасиетті тартулардан жей алады. Өйткені бұл — оның тамағы+. 8 Оған арам өлген не жыртқыш аң жарып кеткен жануардың етін жеуге болмайды, әйтпесе арамдалады+. Мен Ехобамын.
9 Олар менің алдымдағы міндеттерін орындасын. Орындамаса, бұл күнә болады, әрі сол үшін өледі, өйткені олар қасиетті нәрселерді арамдады. Мен оларды қасиетті ететін Ехобамын.
10 Қасиетті тартуларды Харонның үй ішінен басқа ешкім жемеу керек+. Мейлі ол діни қызметкердің қонағы не жалдамалы жұмысшысы болсын, сол тартулардан жеуіне болмайды. 11 Ал діни қызметкердің өз ақшасына сатып алған адамы немесе оның үйінде туылған құлы оның тамағынан жей алады+. 12 Егер діни қызметкердің қызы діни қызметкер емес біреуге күйеуге шықса, оған қасиетті тартулардан жеуге болмайды. 13 Ал егер қызы жесір қалса не күйеуімен ажырасып, баласы болмай, әкесінің үйіне қайтып келіп, жас кезіндегідей бірге тұратын болса, әкесінің тамағынан жеуіне болады+. Бірақ оны ешбір бөтен адам* жемесін.
14 Ал егер әлдекім қасиетті тартудан аңдамай жеп қойса, ол діни қызметкерге сол тартудың орнын толтырып, үстіне құнының бестен бір бөлігін қосып берсін+. 15 Діни қызметкерлер исраилдіктердің Ехобаға арнаған қасиетті тартуларын арамдамасын+. 16 Әйтпесе халықтың қасиетті тартулардан жеп, кінәлі болуларына жол беріп, оларды жазаға ұшыратуы мүмкін. Мен оларды қасиетті ететін Ехобамын”.
17 Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға былай деді: 18 “Харонға, оның ұлдары мен бүкіл исраилдіктерге мынаны айт: —Егер әлдебір исраилдік не Исраил елінде тұрып жатқан жатжерлік адам+ берген сертін орындау үшін немесе өз еркімен Ехобаға түгел өртелетін құрбандық әкелсе+, 19 Құдайдың ықыласына ие болу үшін ірі қарадан еш кемістігі жоқ+ бұқа, ал ұсақ малдан еш кемістігі жоқ жас қошқар не теке алып келсін. 20 Құрбандыққа кемістігі бар мал ұсынбаңдар+, әйтпесе Құдайдың ықыласына ие болмайсыңдар.
21 Егер әлдебіреу Ехобаға арналған татулық құрбандығын+ сертін орындау үшін не ерікті түрде ұсынғысы келсе, Құдайдың ықыласына ие болу үшін, ірі қарадан не ұсақ малдан кемістігі жоқ мал әкелсін. Малдың еш кем-кетігі болмасын. 22 Соқыр, бір жері сынған, жарақаттанған, сүйел, қотыр не теміреткі шыққан малды Ехобаға әкелмеңдер. Мұндай малды Ехобаға арнап құрбандық ошағында өртемеңдер. 23 Бір аяғы ұзын не қысқа бұқаны яки қойды ерікті құрбандық ретінде ұсынуға болады. Бірақ оны серт құрбандығы ретінде ұсынсаңдар, қабыл болмайды. 24 Ұрық безі зақымданған, езілген, жұлынып қалған не піштірілген малды Ехобаға ұсынушы болмаңдар. Елдеріңде мұндай малды құрбандыққа шалмаңдар. 25 Жатжерлік адамның қолынан мұндай малды алып, Құдайға арналған ас ретінде әкелмеңдер, өйткені оның кемістігі бар және зақымданған. Сондықтан мұндай құрбандықтар қабыл болмайды”.
26 Ехоба әрі қарай Мұсаға былай деді: 27 “Жаңа туылған бұзау, қозы не лақ жеті күн енесінің қасында болсын+. Ал сегізінші күннен бастап оны өртелетін құрбандық ретінде Ехобаға ұсынсаңдар, қабыл болады. 28 Ірілі-ұсақты малдың енесі мен төлін бір күнде соймаңдар+.
29 Ехобаға ризашылық құрбандығын+ ұсынғанда, оны Құдайдың ықыласына ие болатындай етіп ұсыныңдар. 30 Оның етін сол күні жеңдер. Таң атқанша одан ештеңе қалмасын+. Мен Ехобамын.
31 Менің заңдарымды ұстанып, оларды орындап жүріңдер+. Мен Ехобамын. 32 Киелі есімімді қорламаңдар+. Исраилдіктер мені киелі тұтсын+. Мен сендерді қасиетті ететін Ехобамын+. 33 Құдайларың болу үшін сендерді Мысыр елінен алып шықтым+. Мен Ехобамын”.