Марқа
16 Демалыс күні+ өткеннен кейін мағдалалық Мәриям, Жақыптың анасы Мәриям+ және Салома Исаның денесіне май жағу рәсімін жасау үшін жұпар иісті заттар сатып алды+. 2 Олар аптаның бірінші күні* ертемен шығып, күн көтеріле қабірге келді+. 3 Олар бір-біріне: “Қабірдің аузындағы тасты бізге кім домалатып ашып береді?”— десті. 4 Бірақ қараса, тас домалатылып алынып тасталған екен. Ал тас өте үлкен болатын+. 5 Қабірдің ішіне кіргенде, әйелдер оң жақта отырған ұзын ақ киім киген бір жас жігітті көріп, аң-таң күйде сілейіп тұрып қалды. 6 Ол әйелдерге былай деді: “Таңданбаңдар+! Бағанаға ілініп өлтірілген назареттік Исаны іздеп жүргендеріңді білемін. Ол мұнда жоқ: қайта тіріліп кетті+! Міне, мынау — оның қойылған орны+. 7 Ал енді барып, шәкірттері мен Петірге: —Ол қазір Ғалилеяға бара жатыр+. Өзі айтқандай, оны сол жерде көресіңдер,— деңдер+”. 8 Әйелдерді қорқыныш билеп, қатты дірілдеп, қабірден шығып, қаша жөнелді. Зәре-құты қалмаған олар ешкімге ештеңе айтпады*+.