Салоникалықтарға 2-хат
3 Сонымен, бауырластар, Ехобаның сөзі сендердегідей тез тарап+, құрметпен қабылдана берсін деп біз үшін дұға ете беріңдер+. 2 Сондай-ақ қауіпті де зұлым адамдардан сақтасын+ деп сұраңдар, өйткені жұрттың бәрі бірдей сенуші емес+. 3 Бірақ Иеміз сөзіне адал, ол берік тұруларың үшін күш беріп, сендерді Зұлымнан сақтайды. 4 Иемізбен байланыстағы біздер өздеріңе берген нұсқауларымызды орындап жүргендеріңе және бұдан былай да орындай беретіндеріңе сенімдіміз. 5 Иеміз жүректеріңді Құдайдың сүйіспеншілігіне бағыттап+, Мәсіхке қызмет етуге қажетті табандылық+ бере берсін.
6 Ал енді, бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің атынан мынаны бұйырамыз: тәртіп бұзып, сендер* бізден қабылдаған дәстүрді*+ орындамай жүрген бауырластың қай-қайсысымен де араласпаңдар+! 7 Бізге қалай еліктеу керектігін өздерің де білесіңдер ғой+. Себебі араларыңда болғанда тәртіп бұзған да, 8 біреудің нанын тегін жеген де емеспіз+. Қайта, ешқайсысыңды көп шығынға ұшыратып, ауыртпалық салмау үшін күні-түні тер төгіп еңбек еттік+. 9 Сендерге ауыртпалық салуға құқымыз бар еді+, бірақ бізге еліктесін деп, үлгі көрсеткіміз келді+. 10 Сонымен қатар қастарыңда болғанымызда “Еңбек еткісі келмейтін адам ішіп-жемесін”+ деген нұсқау беретінбіз. 11 Алайда араларыңдағы кейбіреулердің тәртіп бұзып+, жұмыс істемей, өзіне қатысы жоқ іске араласып жүргені жайлы естідік+. 12 Мұндайларға Иса Мәсіхтің атынан бұйрық беріп, мынаған шақырамыз: тыныш еңбек етіп, өз нанын өздері тауып жесін+.
13 Ал сендер, бауырластар, жақсылық жасаудан талмаңдар. 14 Кімде-кім осы хат арқылы айтқандарымызға құлақ аспайтын болса, соны назарға алыңдар. Өз қылығына ұялу үшін, онымен араласпай қойыңдар+. 15 Бірақ оны жау санамаңдар, қайта, бауырлас ретінде ақыл-кеңес бере беріңдер+.
16 Тыныштықтың Иесі сендерге қай нәрседе де тыныштық сыйлай берсін+. Иеміз сендерге жар болсын!
17 Мен, Пауыл, бұл сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын+, міне, менің қолтаңбам осындай. Барлық хаттарымды осыдан танисыңдар.
18 Барлығыңа Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жауа берсін!