Самуилдің 1-жазбасы
12 Ақырында, Самуил күллі Исраилге былай деді: “Мен айтқандарыңның бәріне құлақ асып, сендерге патша тағайындап бердім+. 2 Енді, міне, басшылық ететін патшаларың алдарыңда тұр+. Ал мен қартайдым, басымды қырау шалды. Ұлдарым болса араларыңда жүр+. Мен жастайымнан Құдайға қызмет етіп, сендерді басқарып келдім+. 3 Мінеки, алдарыңда тұрмын, маған қарсы айтар куәліктерің болса, Ехоба мен оның майланғанының+ алдында айтыңдар: кімнің өгізін не есегін алдым+? Қайсысыңды алдап, қайсысыңа жәбір көрсеттім? Шындықты бұрмалау үшін қайсысыңнан пара алдым+? Солай еткен болсам, бәрін қайтарып берейін+”. 4 Олар: “Ешқайсысымызды алдаған да, жәбірлеген де жоқсыз. Ешкімнен пара да алған емессіз”,— деп жауап берді. 5 Сонда Самуил: “Маған тағар айыптарың жоқ екеніне бүгін Ехоба мен оның майланғаны куә болсын”,— деді. Халық: “Иә, куә болсын”,— деп жауап берді.
6 Самуил сөзін жалғап былай деді: “Бұған куә — Мұса мен Харонды жіберіп, ата-бабаларыңды Мысырдан алып шыққан Ехоба+. 7 Тағы да кідіре тұрыңдар, Ехобаның өздеріңе және ата-бабаларыңа жасаған барлық әділ істерін айтып, Ехобаны қорғап сөйлейін.
8 Жақып Мысырға көшкеннен кейін+, ата-бабаларың Ехобаға жалбарынып көмек сұрады+. Сонда Ехоба Мұса мен Харонды жіберді+. Олар ата-бабаларыңды Мысырдан алып шығып, бабаларың осы жерге қоныстанды+. 9 Бірақ олар Құдайлары Ехобаны ұмытып кетті. Сондықтан ол халқын Хасор патшасының қолбасы Сисараның+, філістірлердің+ және Моаб патшасының+ қолына берді+. Олар болса ата-бабаларыңмен соғысты. 10 Сонда бабаларың Ехобадан көмек сұрап+: —Біз күнә жасадық+. Бағалдар мен Аштар мүсіндеріне табынып, Ехобадан бас тарттық+. Енді бізді жау қолынан құтқара көр, өзіңе қызмет етейік,— деп жалбарынды. 11 Ехоба болса сендер қауіпсіз өмір сүрсін деп, Ерубағалды+, Бедан, Ефта+ және Самуилді+ жіберіп, айнала қоршаған барлық жауларыңнан құтқарды+. 12 Бірақ аммондықтардың патшасы Нахаш+ сендерге қарсы шыққанда, Патшаларың Ехобаның өзі болса да+, “Жоқ, бізді патша билесін!”+ деп табан тіресіп тұрып алдыңдар. 13 Ал енді, өздерің қалап, сұрап алған патшаларың бар. Міне, Ехоба сендерге патша тағайындады+. 14 Егер Ехобадан қорқып+, оған қызмет етсеңдер+, сөзіне құлақ асып+, Ехобаның нұсқауларына қарсы шықпасаңдар, өздерің де, билік етіп отырған патшаларың да Құдайларың Ехобаның жолынан таймасаңдар, бұларың жақсы. 15 Ал егер Ехобаға құлақ аспай, Ехобаның нұсқауларына қарсы шықсаңдар, Ехоба өздеріңді де, әкелеріңді де жазалайды+. 16 Енді осы жерде тұрып, Ехобаның керемет ісінің куәсі болыңдар. 17 Қазір орақ кезі емес пе? Бірақ мен Ехобадан күн күркіретіп, жаңбыр жауғызуын сұраймын. Сонда өздеріңе патша сұрағандарың Ехоба үшін барып тұрған зұлымдық болғанына көз жеткізесіңдер+”.
18 Осыдан кейін Самуил Ехобаға сиынғанда, Ехоба күн күркіретіп, жаңбыр жауғызды. Мұны көрген халық Ехоба мен Самуилден қатты қорықты. 19 Олар Самуилге өтініш жасап: “Қызметшілеріңіз үшін Құдайыңыз Ехобаға дұға ете көріңіз+, себебі біз өлгіміз келмейді. Өзімізге патша сұрап, күнәларымызға тағы бір зұлымдық қостық қой!”— деді.
20 Сонда ол халыққа былай деп жауап берді: “Қорықпаңдар! Зұлымдық жасағандарың рас, тек бұдан былай Ехобаның жолынан ауытқымай+, Ехобаға бар жүректеріңмен қызмет ететін болыңдар+. 21 Еш пайда әкелмейтін+, құтқара да алмайтын жалған тәңірлердің соңынан еріп кетпеңдер+, өйткені бұларың бос әурешілік болады. 22 Ехоба ұлы есімі үшін+ халқын тастамайды+, себебі Ехоба сендерді өз халқы етуді шешкен+. 23 Ал мен сендер үшін дұға етуді қойып, Ехобаға қарсы күнә жасаудан аулақпын. Қайта, сендерге ізгі әрі тура жолды көрсетуден талмаймын. 24 Тек Ехобадан қорқып+, оған бар жүректеріңмен, адал қызмет етіңдер. Оның сендер үшін жасаған ұлы істерін ұмытпаңдар+. 25 Ал қайтпай зұлымдық жасай берсеңдер, патшаларыңмен қоса құрып кетесіңдер+”.