Даниял
12 Сол уақытта Микайл+, халқыңның мүддесін қорғап тұрған ұлы әмірші+, әрекет ететін болады. Сонда халық пайда болғалы бері, бұрын-соңды басқа түспеген қиын-қыстау уақыт болады. Сол уақытта сенің халқың, кітапта жазылған әркім+, аман қалады+. 2 Жер қойнында ұйықтап жатқандардың көбі оянады. Олардың кейбірі мәңгі өмір сүру үшін оянса, ал өзгелері масқара болып, мәңгілік бойы жеккөрінішпен еске алынады.
3 Терең түсінігі барлар аспан күмбезіндей жарқырап нұр шашады, көпшілікті әділдікке жеткізетіндер жұлдыздардай мәңгі бақи жарқырайды.
4 Ал сен, Даниял, ақырғы уақытқа дейін бұл сөздерді құпия сақтап, кітапты мөрмен бекітіп қой+. Көп адам тыңғылықты іздестіріп*, шынайы білім молая түседі+”.
5 Сосын мен, Даниял, қарасам, басқа екі тұлғаның тұрғанын көрдім: бірі ағыстың бергі жағасында, ал екіншісі арғы жағасында тұр екен+. 6 Оның біреуі зығыр матадан киім киген+ әрі ағыстың үстінде тұрғаннан: “Осы ғажайып жайттар орындалып біткенге дейін қанша уақыт өтеді?”— деп сұрады. 7 Сонда мен зығыр матадан киім киген әрі ағыстың үстінде тұрған кісінің оң қолы мен сол қолын көкке көтеріп, мәңгі жасайтын Тұлғамен+ ант етіп, былай дегенін естідім: “Белгіленген бір уақыт, белгіленген екі уақыт және жарты уақыт* өтеді. Қасиетті халықтың күшін күйрету соңына жетісімен+, осы жайттардың бәрі бітеді”.
8 Ал мен болсам, естісем де, түсінбедім+. Сондықтан: “Уа, ием, мұның бәрі немен бітеді?”— деп сұрадым.
9 Сонда ол былай деді: “Бар, Даниял, себебі ақырғы уақытқа дейін бұл сөздер құпия сақталып, мөрмен бекітулі болады+. 10 Көп адам өздерін тазартады, ағартады, сондай-ақ олар сыналатын болады+. Зұлымдар зұлымдығын жасайды, олардың ешқайсысы бұл сөздерді ұқпайды. Бірақ ақыл-парасаты барлар ұғады+.
11 Ұдайы шалынатын құрбандықтар+ тоқтатылып, қаңыратып бос қалдыратын жеркенішті нәрсе орнатылғаннан+ бастап 1290 күн өтеді.
12 1335 күн біткенше, күтетін* адам бақытты!
13 Өзің соңына дейін адалдық сақта. Сен тыным табасың, ал күндердің соңында үлесіңді алу үшін тұрасың+”.