Мұсаның 4-жазбасы
21 Негевтегі Арат қаласының қанахандық патшасы+ исраилдіктердің Атарим жолымен келе жатқанын естігенде, оларға шабуыл жасап, біразын тұтқынға алды. 2 Сонда исраилдіктер Ехобаға: “Егер мына халықты қолымызға берсең, олардың қалаларын міндетті түрде жоямыз”,— деп ант берді. 3 Ехоба исраилдіктердің даусын естіп, қанахандықтарды олардың қолына берді. Исраилдіктер олардың өздерін де, қалаларын да жойып жіберді. Сондықтан сол жерді Хорма*+ деп атады.
4 Исраилдіктер Едом жерін сырт айналып өту үшін+ Хор тауынан шығып+, Қызыл теңіз жолына түсті. Жолда әбден шаршаған халық 5 Құдайға және Мұсаға қарсы сөйлеп+: “Мысырдан бізді неге алып шықтыңдар, осы шөлде өлтіру үшін бе? Мұнда жейтін нан да, ішетін су да жоқ+, ал мына жеркенішті нанды көргіміз келмейді+”,— деді. 6 Сондықтан Ехоба исраилдіктерге улы жыландар жіберді. Олар жұртты шағып, бірталайын өлтірді+.
7 Ақырында, жұрт Мұсаға келіп: “Біз Ехобаға және саған қарсы сөйлеп, күнә жасадық+. Бізге араша түсіп, Ехобадан жыландарды құртуын сұрашы”,— деді. Мұса халыққа араша түсіп, дұға етті+. 8 Сонда Ехоба Мұсаға: “Улы жыланның мүсінін жасап, ұзын таяққа іліп қой. Жылан шаққан адам соған қараса, аман қалады”,— деді. 9 Мұса дереу мыстан жылан жасап+, ұзын таяққа іліп қойды+. Жылан шаққан адамдар сол мыс жыланға қарап, аман қалып жатты+.
10 Бұдан кейін исраилдіктер сол жерден көшіп, Оботқа қос тікті+. 11 Сосын Оботтан шығып, шығыс жақтағы, Моабтың тұсындағы шөлдегі, Ие-Абаримге қос тікті+. 12 Бұл жерден кетіп, Зеред аңғарына*+ келіп тоқтады. 13 Көш бұл жерден жолға шығып, аморлықтардың шегарасынан әрі қарай созылып жатқан шөлдегі Арнон аймағына+ келді. Арнон аңғары моабтықтар мен аморлықтардың арасындағы шегара еді. 14 Сондықтан да Ехобаның шайқастары туралы кітапта былай делінген: “Суфадағы Уахеп пен Арнон аңғары*, 15 оның салалары Ар жеріне дейін созылған әрі Моаб шегарасын бойлай ағады”.
16 Сосын олар Бегерге* көшіп барды. Бұл Ехоба Мұсаға: “Халықты жина, оларға су берейін”,— деген құдық еді.
17 Сол кезде исраилдіктер былай деп ән айтты:
“Уа, құдық, атқыласын суың!
Кел, жырлаңдар, халайық!
18 Бұл құдықты бекзадалар қазған, ел жақсылары аршыған.
Оны басқарушының асатаяғымен, өздерінің таяғымен қазған”.
Содан олар шөлден шығып, Матанаға, 19 Матанадан Нахалиелге, Нахалиелден Бамотқа+, 20 Бамоттан Моаб жеріндегі аңғарға+, Есімоннан*+ көрініп тұратын Физга төбесіне+, келді.
21 Исраил аморлықтардың патшасы Сихонға хабаршыларын жіберіп+: 22 “Жеріңіз арқылы өтуге рұқсат етіңіз. Егістік не жүзімдік жерлеріңізге бұрылмаймыз. Құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Жеріңізден өтіп кеткенше, тек Патша жолымен жүріп отырамыз”+,— деді. 23 Бірақ Сихон Исраилге өз жерімен өтуге рұқсат етпеді. Қайта, күллі халқын жинап, шөл далада тұрған Исраилге қарсы аттанды. Яхасқа келіп, исраилдіктермен шайқасты+. 24 Исраилдіктер оларды семсердің жүзімен қырып салып+, Арнон+ мен Ябоктің арасындағы+, аммондықтармен іргелес жатқан өлкені басып алды+. Бірақ Жазерден+ әрі асқан жоқ, өйткені ол аммондықтардың шегарасы+ еді.
25 Исраилдіктер аморлықтардың барлық қаласын басып алды+. Сөйтіп, сол қалаларға және Хешбон мен оған қарасты* қалашықтарға қоныстанып алды. 26 Хешбон аморлықтардың патшасы Сихонның қаласы еді. Кезінде ол Моаб патшасымен шайқасып, оның Арнонға дейінгі барлық жерін тартып алған болатын. 27 Міне, содан мынадай мысқыл сөз қалған:
“Хешбонға келіңдер,
Сихонның қаласы соғылып, мықтап бекінсін.
28 Хешбоннан өрт шықты, Сихонның қаласы лаулады.
Моабтың Ар қаласын, Арнон төбелерінің иелерін жалмады.
29 Моаб, қасіретке қаласың!
Хамосқа+ табынған жұрт, сен құрып жоқ боласың!
Ол ұлдарын қашқынға, қыздарын Амор патшасының тұтқынына айналдырады.
30 Келіңдер, оларға шабуылдайық.
Хешбон Дибонға дейін талқандалсын+.
Оны Нофаққа дейін қаңыратайық,
От Медебаға+ дейін жайласын”.
31 Осылайша Исраил халқы аморлықтардың жеріне қоныстанып алды. 32 Мұса Жазерге барлаушылар жіберді+. Исраилдіктер Жазерді және оған қарасты қалаларды басып алып, ондағы аморлықтарды қуып шықты. 33 Бұдан кейін олар бұрылып, Башанға баратын жолға түсті. Сонда Башан патшасы Ог+ күллі халқын жинап, олармен соғысу үшін Едрейге келді+. 34 Ехоба Мұсаға: “Одан қорықпа+, өйткені оны да, бүкіл халқын да, жерін де сенің қолыңа беремін+. Оған Хешбонда тұрған аморлықтардың патшасы Сихонға істегеніңдей істе+”,— деді. 35 Сөйтіп, исраилдіктер оны да, ұлдарын да, бүкіл халқын да бірін қалдырмай қырып тастап+, жерін иемденіп алды+.