Қорынттықтарға 2-хат
2 Келесі жолы барғанымда, сендерді мұңайтпайын дедім. 2 Себебі сендерді мұңға батырсам, мені кім қуантпақ? Мені қуантатын өзім мұңайтқан сендер емессіңдер ме? 3 Бұның алдында жазғандарымды өздеріңе келгенде, мені қуантудың орнына мұңайтып жүрмеулерің үшін жаздым. Өйткені мені қуантатын нәрсе сендерді де қуантатынына сенімдімін. 4 Оны қатты қиналып, жүрегім ауырып, көзіме жас ала отырып жаздым. Себебі сендерді мұңға батыруды емес+, қаншалықты жақсы көретінімді ұғындыруды мақсат еттім.
5 Ал егер біреу мұңға батырған болса+, ол мені емес, ашық айтқаным үшін кешіріңдер, қандай да бір шамада бәріңді мұңға батырды. 6 Мұндай адамның көпшіліктен алған жазасы жеткілікті. 7 Шектен тыс қайғыға батпау үшін+, енді оны мейіріммен кешіріп, жұбатқандарың дұрыс+. 8 Сондықтан оны жақсы көретіндеріңді көрсетуге шақырамын+. 9 Бұл хатты айтқандарымның бәріне құлақ асасыңдар ма, жоқ па — соны білу үшін де жаздым. 10 Сендер біреудің айыбын кешірсеңдер, оны мен де кешіремін. Ал мен қандай да бір қателікті кешірсем, сендердің игіліктерің үшін Мәсіхтің алдында кешіремін. 11 Шайтан бізден амалын асырмау үшін+ осылай істеймін, себебі оның айла-амалдары бізге белгілі+.
12 Мәсіх туралы ізгі хабарды жариялау үшін Трояға келгенімде+, Иеміздің ісін атқарудың мүмкіндігі туды. 13 Бауырласым Титті таба алмағандықтан мазам кетіп+, ондағы бауырластармен қоштастым да, Македонияға жол тарттым+.
14 Мәсіхпен бірліктегі бізді жеңістің салтанатты шеруінде үнемі бастап жүретін және өзі туралы білімнің хош иісін біз арқылы барлық жерге таратып жатқан Құдайға алғыс айтылсын! 15 Себебі құтқарылатындар мен жойылатындарға Мәсіх туралы жариялағанда, біз Құдай үшін хош иіспіз. 16 Ал жойылатындар үшін өлімге апаратын өлім иісіміз+, құтқарылатындар үшін болса өмірге апаратын өмір иісіміз. Бұл қызметті атқаруға кім жарамды? 17 Біз жарамдымыз. Өйткені көптеген өзге адамдар іспетті, Құдай сөзінің саудагерлері емеспіз+. Қайта, Мәсіхтің шәкірттері әрі Құдай жібергендер ретінде Құдай алдында шынайылықпен сөйлейміз.