Жоханның 1-хаты
1 Ол әуел бастан бар болған, оны біз өзіміз естіп, көзімізбен көріп, анықтап қарап, қолымызбен ұстадық. Ол — өмір сөзі+. 2 (Иә, бұл өмір ашық көрсетілді және біз оны көрдік; Әкеден келген әрі бізге ашық көрсетілген осы мәңгілік өмір+ туралы сендерге куәлік етіп+, жариялап жүрміз.) 3 Сендер де бізбен ортақтас болсын деп, көргеніміз бен естігеніміз жайлы сендерге де айтып отырмыз+. Ал біз Әкемен және оның Ұлы Иса Мәсіхпен ортақтаспыз+. 4 Мұны сендерге қуанышымыз толық болсын деп жазып отырмыз.
5 Біздің одан естіп, сендерге жариялап жүрген хабарымыз мынау: Құдай — нұр+, онда ешқандай түнек жоқ. 6 Егер онымен ортақтаспыз дей тұра, түнекте жүрсек, онда өтірік айтқанымыз әрі шындыққа сай өмір сүрмегеніміз+. 7 Ал егер Құдайдың өзі сияқты нұрда жүрсек, онда өзара ортақтас боламыз, сондай-ақ оның Ұлы Исаның қаны бізді барлық күнәдан тазартады+.
8 Егер күнәсізбіз десек, өз-өзімізді алдағанымыз+ және бізде шындықтың болмағаны. 9 Құдай адал да әділ, сондықтан күнәларымызды мойындасақ, оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздіктен тазартады+. 10 Ал егер күнә жасаған жоқпыз десек, Құдайды өтірікші етеміз және бізде оның сөзі жоқ.