Зәбүр
Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. Дәуіттің жыры.
122 Маған: “Жүр, Ехобаның үйіне барайық”,— дегенде, қуанып кеттім+.
2 Енді міне, уа, Иерусалим,
Аяғымыз қақпаларыңның алдында тұр+.
4 Оған рулар өрлеп барады,
Ехобаның* рулары Исраилге берілген нұсқауға сай,
Ехобаның есіміне алғыс айтуға барады+.
5 Өйткені билерге арналған тақтар,
Дәуіт үйінің тақтары сонда орнатылған+.
6 Иерусалимде тыныштық болсын деп тілеңдер+.
Уа, қала, сені жақсы көретіндерге еш қатер төнбейді.
7 Берік қабырғаларың мен бекініс мұнараларыңда
Тыныштық пен амандық болсын.
8 Бауырларым мен дос-жарандарымның игілігі үшін,
“Сенде тыныштық орнасын!” деймін.
9 Құдайымыз Ехобаның үйінің игілігі үшін+ саған амандық тілеймін.