Зәбүр
Дәуіттің жыры.
28 Уа, Ехоба Жартасым, ұдайы өзіңе сиынамын+,
Құлақ асудан бас тартпағын.
Тіл қатып, жауап бермесең,
Мен көрге түсетіндерге ұқсайтын боламын+.
2 Өзіңнен көмек сұрап жалбарынғанымда,
Қасиетті орныңдағы түпкі бөлмеге қарап қолымды созғанымда, өтінішімді ести көр+.
3 Зұлымдық жасаушылармен,
Адамның бетіне жылы сөйлеп, ал жүректерінде зұлымдық ойлайтындармен+, бірге мені жазалай көрме+.
4 Оларға істеген істері үшін зұлым әрекеттеріне қарай қарымтасын берші+.
Қолымен істегендерін мойындарымен көтерсінші,
Істеріне қарай еселерін берші+.
5 Себебі олар Ехобаның әрекеттеріне де,
Қолымен жасаған істеріне де ден қоймайды+.
Сондықтан Құдай оларды талқандайды, қайтып тұрғызбайды.
6 Лайым Ехоба мадақталсын!
Өйткені ол менің көмек сұрап жалбарынған даусымды естіді.
7 Ехоба — менің күшім+ әрі қалқаным+.
Жүрегім оған сенім артады+.
Ол маған көмектесті, жүрегім соған шаттанады.
Мен оны мадақтап ән саламын.
9 Халқыңды құтқара көр, меншікті иелігіңе батаңды төге көр+.
Оларды бағып, мәңгі бақи қолыңа алып жүре көр+.