Зәбүр
95 Келіңдер, Ехобаға қуана ән салайық!
Құтқарушы Жартасымызға шаттана шырқайық+!
2 Алдына барып алғыс айтайық+,
Ән салайық, шаттана шырқайық.
4 Жердің тұңғиығы соның қолында,
Тау шыңдары да соған тиесілі+.
6 Келіңдер, оған ғибадат етейік, бас иейік,
Жаратушымыз Ехобаның алдында тізе бүгейік+.
Бүгін сендер оның даусын естісеңдер+,
8 Мерибадағыдай*, Массада* жүрген кездегідей+,
Жүректеріңді қасарыстырмаңдар+,
9 Сол кезде мені сынаған бабаларың сияқты болмаңдар+.
Істерімді көрсе де, олар мені сынады+.
10 Сол ұрпаққа мен қырық жыл жирене қарадым, сосын былай дедім:
“Бұл — әрқашан жүрек қалауларының жетегінде жүретін халық,
Олар менің жолдарымды танып-білмеді”.
11 Сондықтан мен ашуланып:
“Олар менің демалу үшін дайындаған жеріме кірмейді!”— деп ант еттім+.