Абадия
1 Абадияның* алған аяны.
Әлемнің Әміршісі Ехоба*
Едомға қатысты мынаны айтады+:
“Біз Ехобадан хабар алдық,
Халықтардың арасына елші жіберіліп:
—Тұрыңдар, онымен шайқасуға дайындалайық,— деп жар салынды”+.
2 “Міне, сені халықтардың арасында маңызсыз еттім.
Сен әбден жеккөрінішті болдың+.
3 Жүрегіңнің менмендігі сені алдады+,
Жартастардың арасын паналаған,
Биік жерді мекендеген сен жүрегіңде:
—Кім мені жерге құлатады?— дейсің.
4 Бүркіттей биік шыңды мекен қылсаң да*,
Ұяңды жұлдыздар арасына салсаң да,
Сені сол жерден құлатамын”,— дейді Ехоба.
5 “Егер ұры түссе, түн жамылып тонаушы келсе,
Олар қалағанын ғана алып кетпеуші ме еді?!
Егер жүзім жинаушылар келсе,
Артынан масақ қалдырмаушы ма еді+?!
(Ал сен мүлдем құрып жоқ боласың!*)
6 Есаудың тінтілмеген жері қалмады-ау!
Жасырылған қазыналары түгел табылып, тоналды-ау!
7 Одақтастарыңның бәрі сені алдап кетті.
Олар сені шегараға дейін қуып шықты.
Өзіңмен тату болғандар саған өктемдік етті.
Дастарқаныңнан нан жегендер аяғыңа тор құрды,
Бірақ мұны еш аңғармадың.
8 Сол күні,— дейді Ехоба,
—Мен міндетті түрде Едомның данышпандарын құртамын+,
Есаудың таулы өңірінің парықты адамдарын жоямын.
9 Уа, Теман қаласы+, жауынгерлеріңнің зәресі ұшады+,
Өйткені Есаудың таулы өңірінде бірде-бір адам қалмай, қырылады+.
11 Сен қол қусырып қарап тұрған күні,
Бөтендер оның әскерін айдап әкеткен күні+,
Жатжерліктер қақпасынан кіріп,
Иерусалим үшін жеребе тастағанда+,
Сен солардың бірі сияқты болдың.
12 Бауырыңның басына күн туып, бақытсыздыққа ұшырағанда, табаламауың керек еді+.
Яһуда халқы қырылып жатқан күні қуанбауың керек еді+.
Ол қасіретке душар болған күні мақтанбауың керек еді.
13 Халқым апатқа ұшыраған күні қақпасынан баса-көктеп кірмеуің керек еді+.
Апатқа ұшыраған күні қасіретін көріп, табаламауың керек еді.
Апат күні оның байлығына қол салмауың керек еді+.
14 Жан сауғалап қашқандарын өлтіру үшін, жол тораптарында тұрмауың керек еді+.
Қасірет күні аман қалғандарын жау қолына ұстап бермеуің керек еді+.
15 Ехобаның барлық халықтарға қарсы шығатын күні жақын+.
Сен не істеген болсаң, саған да дәл солай істеледі+.
Басқаларға жасағаның өз басыңа келтіріледі.
16 Менің киелі тауымда шарапты қалай ішкен болсаң,
Тура солай барлық халықтар қаһарымды шарап сияқты үздіксіз ішеді+.
Олар қаһарымды міндетті түрде ішіп, қылғыта жұтады.
Сөйтіп, бұрын ешқашан болмағандай құрып кетеді.
Жақыптың үйі өзіне тиесілінің бәрін қайта иемденеді+.
18 Жақыптың үйі оттай,
Жүсіптің үйі жалындай,
Ал Есаудың үйі сабандай болады.
Олар оны өртеп, жалмап қояды,
Есаудың үйінен ешкім аман қалмайды+.
Өйткені мұны айтқан — Ехобаның өзі.
19 Олар Негев пен Есаудың таулы өңірін,
Шефела мен філістірлердің жерін иемденеді+.
Олар Ефрем мен Самария жеріне+,
Ал Бениямин Ғалақатқа иелік етеді.
Иерусалимнен Сефарадқа жер аударылғандар
Негевтің қалаларына иелік етеді+.
21 Құтқарушылар Сион тауына шығып,
Есаудың таулы өңіріне сот жүргізеді+.
Патшалық Ехобанікі болады+”.