Езекиел
36 Адам ұлы, Исраил тауларына мына пайғамбарлықты жеткіз: —Ей, Исраил таулары, Ехобаның сөзін тыңдап алыңдар! 2 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Жау сендерге: “Сауап, өзіңе де сол керек! Енді ежелгі тау-төбелер біздің иелігімізге тиеді+!”— дейді.
3 Сондықтан пайғамбарлық етіп, оларға хабарымды жеткіз! Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Жау сендерді өзге халықтардың меншігіне айналдырғысы келіп, қаңыратып бос қалдырды, жан-жақтан шабуылдады. Жұрт сендерді сөз етіп, жала жапты+. 4 Сол үшін, ей, Исраил таулары, Әлемнің Әміршісі Ехобаның сөзіне құлақ салыңдар! Әлемнің Әміршісі Ехобаның тау-төбелерге, өзендер мен аңғарларға, қаңырап бос қалған үйінділер+ мен айналасындағы халықтар талан-тараж еткен әрі мазақ қылған+ елсіз қалаларға айтқан сөздерін тыңдаңдар. 5 Бұларға Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: —Мен өзге халықтар мен күллі Едом еліне қатты қаһарлана сөйлеймін+. Себебі олар менің жерімнің жайлауларын меншіктеп, тонау үшін, оны жүректері жарыла қуанып, табалап+, иемденіп алды+.
6 Сондықтан Исраил еліне қатысты пайғамбарлық етіп, тау-төбелерге, өзендер мен аңғарларға сөзімді жеткіз. Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Сендерді өзге халықтар қорлағаны үшін+ мен ызалана, қаһарым лаулап сөйлеймін.
7 Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: —Мен қолымды көтеріп тұрып, айналаларыңдағы халықтардың өздері масқара болады деп ант етемін+. 8 Ал сендер, Исраил таулары, ағаштарыңның бұтақтары жайқалып, халқыма жеміс бересіңдер+, себебі олар көп ұзамай қайта оралады. 9 Мен сендермен біргемін, мен сендерге оң көзіммен қараймын. Сонда топырақтарың өңделіп, оған тұқым себіледі. 10 Сендерге қалың елді, бүкіл Исраил үйін, мекендетемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып+, үйінділер қайта тұрғызылады+. 11 Иә, сендердегі халықтың да, малдың да санын көбейтемін+. Олар өсіп-өніп көбейеді. Осылай сендерде бұрынғы кездегідей адамдар қоныстанып+, бұрынғыдан да өркендей түсесіңдер+. Сонда менің Ехоба екенімді білетін боласыңдар+. 12 Халқым Исраил үстеріңмен жүріп, сендерді өз иелігіне алады+. Сендер солардың мұралық меншігіне айналасыңдар, әрі оларды бұдан былай балаларынан айырмайтын боласыңдар+.
13 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Олар: “Сен халықты жалмап, өзіңдегі ұлттарды балаларынан айыратын жерсің”,— деген еді. 14 Сондықтан сен бұдан былай халықтарды жалмап, өзіңдегі ұлттарды балаларынан айырмайтын боласың. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 15 Сені ұлттарға қорлатып, халықтарға мазақтатып қоймаймын+. Ал сен ендігәрі өзіңдегі ұлттардың сүрінуіне түрткі болмайсың. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба”.
16 Ехоба тағы да маған сөзін арнап былай деді: 17 “Адам ұлы, Исраил үйі өз жерінде тұрғанда, істеген істері, жасаған қылықтарымен оны арамдады+. Олардың істері мен үшін әйелдің етеккірі сияқты лас еді+. 18 Осы жерде қан төккендері және жеркенішті пұттарымен+ оны арамдағандары үшін мен оларға қаһарымды төктім+. 19 Оларды ел-елге, жер-жерге бытыратып жібердім+. Мен оларға істеген істері мен жасаған қылықтарына сай үкім шығардым. 20 Бірақ сол елдерге келгендерінде, жұрт: “Мыналар Ехобаның халқы, бірақ өз жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды”,— деп, менің киелі есімімді қорлады+. 21 Сондықтан мен Исраил үйі өздері барған халықтардың арасында қор қылған киелі есімімді қорғаймын+.
22 Исраил үйіне хабарымды жеткіз! Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Ей, Исраил үйі, мен сендер үшін емес, өзімнің киелі есімім үшін әрекет етіп жатырмын. Оны сендер өздерің барған халықтардың арасында қор қылған едіңдер+. 23 Ал мен сендер халықтардың арасында қор қылған ұлы есімімді міндетті түрде киелі етемін+. Солардың көзінше сендердің араларыңда киелілігімді паш еткенімде, олар менің Ехоба екенімді білетін болады+. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба. 24 Сендерді халықтар арасынан алып шығып, ел-елден жинап аламын да, өз жерлеріңе әкелемін+. 25 Үстеріңе таза су бүркіп, таза қыламын+. Сендерді барлық арамдықтарың мен жеркенішті пұттарыңнан+ тазартамын+. 26 Мен сендерге жаңа жүрек беремін+, жаңа рух та дарытамын+. Тастай қатты жүректеріңнің+ орнына еттей жұмсақ жүрек* беремін. 27 Бойларыңа өз рухымды дарытамын. Осылай жарлықтарымды орындап+, шешімдерімді ұстанатындай етемін. 28 Сонда сендер өзім ата-бабаларыңа берген жерде мекендеп, менің халқым боласыңдар, ал мен сендердің Құдайларың боламын+.
29 Мен сендерді барлық арамдықтарыңнан құтқарамын. Дәнді дақылдарға мол болып өсіп шығуды бұйырып, сендерді аштыққа ұшыратпаймын+. 30 Енді қайтып ашаршылыққа ұшырап, басқа халықтардың арасында масқара болмауларың үшін, ағаштардың жемістері мен егістіктердің өнімін мол қыламын+. 31 Сонда зұлым істерің мен жаман қылықтарыңды естеріңе алып, кінәларың мен жеркенішті істерің үшін өз-өздеріңнен жиренетін боласыңдар+. 32 Бірақ мынаны біліп қойыңдар: мен мұны сендер үшін істеп жатқан жоқпын+. Ей, Исраил үйі, сендер жасаған қылықтарыңа ұялып, жер боласыңдар. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба.
33 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Сендерді бар кінәларыңнан тазартқан күні қалаларыңды қайтадан қоныстандырып+, үйінділеріңді қайта тұрғызамын+. 34 Сол жолмен жүргендердің бәрі қарап өтетін елсіз қалған жер қайта өңделеді. 35 Сонда жұрт: “Қаңырап қалған жер Едем+ бағындай болып кетіпті, үйіндіге айналып, бос қалып, қирап жатқан қалалар енді ел мекендейтін бекіністі қалаларға айналыпты”+,— дейтін болады. 36 Сол кезде айналаларыңда қалған халықтар мен, Ехоба, қирап қалғанды қайта тұрғызып, қаңырап қалған жерді гүлдендіргенімді білетін болады. Мұны айтқан да, жүзеге асырған да, мен, Ехоба+.
37 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Исраил үйінің өтінішіне құлақ асып, халқын отардағы қойлар сияқты көбейтемін. 38 Иерусалим мейрам кезінде+ көптеген қасиеттілерге, отарларға* толатындай, қирап жатқан қалалар да адамдарға толады+. Сонда олар менің Ехоба екенімді білетін болады”.