Езекиел
29 Оныншы жылдың оныншы айының он екінші күні Ехоба маған сөзін арнап былай деді: 2 “Адам ұлы, жүзіңді Мысыр елінің патшасы перғауынға бұрып, оған және бүкіл Мысыр+ еліне қарсы пайғамбарлық етіп, 3 хабарымды жеткіз! Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады:
Мен саған қарсы шығамын.
Сен: “Ніл өзені менікі, мен оны өзім үшін жасадым!”— дейсің+.
4 Сол үшін мен сенің жақ сүйегіңе қармақ саламын да,
Ніліңдегі балықтар қабыршақтарыңа жабысып қалатындай етемін.
Сөйтіп, қабыршақтарыңа жабысқан бар балықтармен қоса, өзеніңнен тартып шығарамын.
5 Мен өзіңді де, Ніліңдегі бар балықтарды да шөл далаға тастаймын.
Сен ашық далаға құлайсың, ешкім сенің сүйегіңді жинап алып қабірге қоймайды+.
Мен сені жыртқыш аңдар мен құстарға жем қыламын+.
6 Сонда Мысырдың күллі тұрғындары менің Ехоба екенімді білетін болады.
Өйткені олар Исраил үйі үшін таяныш емес, қамыс таяқ сияқты болды+.
7 Олар саған сүйенгенде, сынып кеттің де,
Иықтарын жарақаттадың.
Олар саған тіренгенде, морт кеттің де,
Халқымның аяғын шайқалттың+.
8 Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Біліп қой, саған семсер жіберемін де+, сендегі адам мен мал атаулыны қырып тастап, 9 Мысыр елін қаңыратып бос қалдырамын+. Сонда олар менің Ехоба екенімді білетін болады. Себебі сен: “Ніл өзені менікі, оны өзім жасадым!”— дедің+. 10 Сондықтан мен саған және Ніл өзеніңе қарсы шығып, Мысыр жерін елсіз қуаң далаға+, Миғдолдан+ Сеуенеге+ және Эфиопия шегарасына дейін жапан түзге айналдырамын. 11 Бұл жермен адам да, мал да өтпейтін болады+. Онда 40 жыл бойы ешкім тұрмайды. 12 Мен Мысырды ең елсіз жер қыламын. Оның қалалары 40 жыл бойы ең бос қалалар болады+. Ал мысырлықтарды ел-елге, жер-жерге бытыратып жіберемін+.
13 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Қырық жылдан кейін халықтар арасына бытырап кеткен мысырлықтарды қайта жинап+, 14 тұтқында жүргендерін атамекендері Патрос+ жеріне әкелемін. Сол жерде олар әлсіз бір патшалық құрады. 15 Мысыр басқа патшалықтардан әлсіз болып, бұдан былай өзге халықтарды билеп-төстемейді+. Мен оны өзге халықтарға үстемдік ете алмайтындай етіп кішірейтемін+. 16 Мысыр енді қайтып Исраил үйі үшін сүйеніш болмайды+. Керісінше, кезінде одан көмек сұрағандары үшін кінәлі екендерін естеріне салып тұрады. Сонда халқым менің Әлемнің Әміршісі Ехоба екенімді білетін болады”.
17 Жиырма жетінші жылдың бірінші айының бірінші күні Ехоба маған сөзін арнап былай деді: 18 “Адам ұлы, Бабыл патшасы Навуходоносор+ Тирді жаулап алу үшін әскерін аямай жұмысқа салды+. Олардың бәрінің бастары тақыр, иықтары жауыр болып кетті. Бірақ патша да, әскері де Тирді жаулап алу үшін сіңірген еңбектерінің ақысын алмады.
19 Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Біліп қойыңдар, мен Мысыр елін Бабыл патшасы Навуходоносорға беремін+. Ол оны талан-таражға салып, бар байлығын олжа етіп алып кетеді. Бұл оның әскерінің ақысы болады.
20 Мен оның еңбегінің қарымтасын қайтарып, Мысыр елін беремін. Себебі ол мен үшін Тирге қарсы аттанды+. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба.
21 Сол күні мен Исраил үйі үшін бір мүйіз өсіріп шығарамын*+. Ал саған араларында сөйлеуге мүмкіндік беремін. Сонда олар менің Ехоба екенімді білетін болады”.