Езекиел
48 Солтүстік шегарадан бастап аттары бойынша тізбектелген рулар мыналар: Данның үлесі+ Хетлон жолының бойымен Лебо-Хамат+ пен Хасар-Енанға дейін, сосын Дамаскінің шегарасын бойлай солтүстікке, Хаматқа+ қарай өтеді. Оның шығыс және батыс шегаралары да бар. 2 Аширдің үлесі+ шығыстан батысқа қарай Данмен шегаралас жатыр. 3 Нафталимнің үлесі+ шығыстан батысқа қарай Аширмен шегаралас жатыр. 4 Манасаның үлесі+ шығыстан батысқа қарай Нафталиммен шегаралас жатыр. 5 Ефремнің үлесі шығыстан батысқа қарай Манасамен шегаралас жатыр+. 6 Рубеннің үлесі шығыстан батысқа қарай Ефреммен шегаралас жатыр+. 7 Яһуданың үлесі шығыстан батысқа қарай Рубенмен шегаралас жатыр+. 8 Яһуданың үлесімен шығыстан батысқа қарай шегараласып жатқан жерді ені 25 000 шынтақ* болатындай етіп ерекше мақсатқа арнап тарту ретінде бөліп қойыңдар+. Оның ұзындығы өзге рулардың үлестерінің шығыстан батысқа дейінгі ұзындығына тең болсын. Ал оның ортасында ғибадатхана орналасады.
9 Ехобаға арнап бөлінуі тиіс тартудың ұзындығы 25 000, ені 10 000 шынтақ болсын. 10 Бұл діни қызметкерлерге арналған киелі тарту болады+. Киелі тартудың солтүстігі мен оңтүстігі 25 000, батысы мен шығысы 10 000 шынтақтан болады. Ал ортасында Ехобаның ғибадатханасы орналассын. 11 Ол исраилдіктер де, леуіліктер де менен теріс айналып кеткенде+, менің жолымнан таймаған әрі алдымда міндеттерін атқарып жүрген Садық ұлдарынан шыққан+ қасиетті діни қызметкерлерге арналған. 12 Оларға тарту ретінде ерекше бөлінген жерден үлес беріледі. Бұл ең қасиетті жай болады, әрі леуіліктердің жерімен шегаралас жатады.
13 Діни қызметкерлердің үлесінің іргесінен леуіліктерге үлес беріледі. Оның ұзындығы 25 000, ені 10 000 шынтақ болады. (Бүкіл ұзындығы 25 000, ені 10 000 шынтақ болу керек.) 14 Осы таңдаулы жердің ешқайсысын сатуға, айырбастауға не өзгелерге беруге болмайды, себебі ол Ехоба үшін киелі болып есептеледі.
15 Ені 5000, ұзындығы 25 000 шынтақ болатын қалған жер жалпы қолданысқа+, яғни үй салып, мал жаюға беріледі. Қала осы жердің ортасында орналасуы керек+. 16 Қаланың өлшемдері келесідей: солтүстік және оңтүстік шегаралары 4500 шынтақтан, шығыс және батыс шегаралары да 4500 шынтақтан. 17 Жайылымдары солтүстік пен оңтүстікке қарай 250 шынтақ, шығыс пен батысқа қарай да 250 шынтақ болады.
18 Қалған жердің ұзындығы киелі тартудың ұзындығына тең+, яғни шығысқа және батысқа қарай 10 000 шынтақтан созылып жатыр. Бұл жер киелі тартумен іргелес жатады, әрі оның өнімі қала жұмысшыларын ас-сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. 19 Оны Исраилдің күллі руларынан шыққан қала жұмысшылары өңдейтін болады+.
20 Толық тарту — әр жағы 25 000 шынтақтан тұратын төртбұрышты жер. Сендер оны қалаға берілген жермен қоса, киелі тарту ретінде бөліп қоюларың керек.
21 Киелі тарту мен қалаға берілген жердің екі жағынан қалған жер телімі басшының меншігі болады+, әрі ол 25 000 шынтаққа созылатын тартудың шығыс пен батыс шегараларын бойлап жатады. Осы екі жер телімі де басшынікі. Ал киелі тарту мен ғибадатхана солардың ортасында орналасады.
22 Леуіліктер мен қалаға берілген жер басшының меншігіндегі жерлердің арасында болады. Ал басшының меншігіне тиген жер Яһуда+ мен Бенияминнің үлестерінің арасында жатады.
23 Қалған рулардың үлестері мынадай: Бенияминнің үлесі шығыстан батысқа қарай созылып жатыр+. 24 Шимонның үлесі шығыстан батысқа қарай Бенияминмен шегаралас жатыр+. 25 Исахар үлесі+ шығыстан батысқа қарай Шимонмен шегаралас жатыр. 26 Забулонның үлесі шығыстан батысқа қарай+ Исахармен шегаралас жатыр+. 27 Ғадтың үлесі шығыстан батысқа қарай Забулонмен шегаралас жатыр+. 28 Ғадпен шегаралас жатқан оңтүстік шегара Тамардан+ Мерибат-Қадеш суларына+, одан әрі Мысыр өзен аңғарына+, әрі қарай Ұлы теңізге дейін созылады.
29 Сендер Исраил руларына мұра ретінде бөліп берулерің керек жер — осы+. Олардың үлестері осындай болмақ+. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба.
30 Қаладан шығатын жерлер мыналар: солтүстік жағындағы қабырғаның ұзындығы 4500 шынтақ+.
31 Қала қақпаларының атаулары Исраил руларының аттарына сай болады. Солтүстікте Рубен, Яһуда және Леуіге арналған үш қақпа болады.
32 Шығыс жақтағы қабырғаның ұзындығы 4500 шынтақ. Ол жақта Жүсіп, Бениямин және Данға арналған үш қақпа болады.
33 Оңтүстік жақтағы қабырғаның ұзындығы 4500 шынтақ. Ол жақта Шимон, Исахар және Забулонға арналған үш қақпа орналасады.
34 Батыс жақтағы қабырғаның ұзындығы 4500 шынтақ. Ол жақта Ғад, Ашир және Нафталимге арналған үш қақпа болады.
35 Қаланың айналдыра ұзындығы 18 000 шынтақты құрайды. Сол күннен бастап бұл қала “Ехоба сол жерде” деп аталатын болады+”.