Әйүп
27 Әйүп сөзін жалғап былай деді:
2 “Мені әділдіктен айырған Құдайдың алдында+,
Жан дүниемді ащы запыранға толтырған Құдірет Иесінің*+ алдында шын айтамын*,
3 Демім таусылмай тұрғанда,
Мұрнымда Құдай берген тіршілік лебі* барда+,
4 Аузымнан әділетсіз сөз шықпайды,
Тілім де жалған сөз айтпайды!
5 Сендерді әділдердің қатарына еш жатқызбаспын!
Өле-өлгенше мінсіздігімнен таймаспын+!
7 Лайым дұшпаным зұлымның кебін,
Қарсыласым әділетсіздің кебін кисін.
9 Басы пәлеге ұшырағанда,
Құдай оның зарына құлақ аса ма+?
10 Ол Құдірет Иесімен қарым-қатынасына қуана ма?
Қай жағдайда да Құдайға жүгініп, жалбарына ма?
11 Мен сендерге Құдайдың зор күші жайында тәлім берейін*,
Құдірет Иесі туралы сендерден ештеңе жасырмайын.
12 Міне, бәрің де аян көрген екенсіңдер,
Онда неге сөздеріңнің мәні де, мағынасы да жоқ?
13 Зұлымның Құдайдан алар үлесі+,
Озбырдың Құдірет Иесінен иемденетін мұрасы мынадай болады:
14 Балалары көбейсе, семсерден қаза табады+,
Үрім-бұтағы нанға жарымай жүреді.
15 Аман қалғандары індеттен өледі,
Жесірлері оларды жоқтамайды.
16 Күмісті топырақтай мол етіп үйсе,
Киім-кешекті төбе-төбе етіп жиса,
17 Киімін әділ адам киеді+,
Күмісін кінәратсыздар өзара бөліседі.
19 Төсегіне жатарда бай болады, бірақ ештеңе жимайды,
Ұйқысынан тұрғанда, байлығынан түк те қалмайды.
20 Бойын тасқын судай лезде үрей билейді,
Түн ортасында оны дауыл іліп әкетеді+.
21 Шығыс желі көтеріп алып, көзден ғайып қылады,
Тұрағынан сыпырып әкетеді+.