Самуилдің 2-жазбасы
22 Ехоба Дәуітті күллі жауларынан және Саулдың қолынан құтқарған күні+ ол Ехоба Құдайына былай деп жырлады+:
2 “Ехоба — асқар тауым әрі қорғаным+, менің Құтқарушым+.
3 Құдайым — пана табар жартасым+,
Менің қалқаным+, құтқарушы мүйізім*, қауіпсіз панам+,
Сен мені зорлық-зомбылықтан сақтайсың.
4 Мадаққа лайық Ехобаға сиынамын,
Сонда жауларымнан құтқарыламын.
7 Бойымды қайғы меңдегенде, Ехобаға жүгіндім+,
Құдайыма үздіксіз сиындым.
Киелі шатырынан ол үнімді естіді,
Зарлаған даусым құлағына жетті+.
9 Мұрнынан түтін будақтап, аузынан жойқын от лаулады+,
Тұла бойынан қызған шоқ атқылады.
11 Ол керубке мініп+, ұшып келді,
12 Ол түнекке оранды,
Айналасына жаңбырлы қара бұлт үйірді,
Өзіне оны шатыр етті+.
13 Алдындағы жарықтан қызған шоқ шашырады.
17 Ол көктен қолын созды,
Мені ұстап, терең судан шығарып алды+.
18 Күші басым жауымнан,
Мені жек көретін мықты дұшпандарымнан құтқарды+.
19 Бақытсыздыққа ұшырағанымда, олар қарсы шығып еді+,
Бірақ Ехоба маған тірек болды.
22 Себебі мен Ехобаның жолымен жүрдім,
Құдайымнан безіп, зұлымдық та жасамадым.
25 Лайым Ехоба әділдігіме қарай қарымтамды берсін+,
Алдында кінәратсыз жүргеніме қарай есемді қайтарсын+.
26 Сен адал адамға адалдық танытасың+,
Мінсіз жанның мінсіздігіне қарай әрекет қыласың+.
27 Жүрегі таза адамға таза екеніңді көрсетесің+,
30 Сенің көмегіңмен бір топ қарақшыға да қарсы тұрамын,
Құдайымның күшімен дуалға да шығамын+.
Ол — өзін паналағандар үшін қалқан+.
32 Ехобадан басқа Құдай бар ма+?!
Құдайымыздан басқа жартас бар ма+?!
34 Аяғымды маралдікіндей жүйрік етеді,
Биік жерлерге нық тұрғызады+.
35 Қолымды үйретеді шайқасуға,
Сонда ие аламын мыс садақты да.
37 Қадам басар жолымды кеңейтесің,
Аяғым еш таймайды+.
38 Жауларымның соңына түсіп, көзін құртамын,
Оларды түгел жоймай қайтпаймын.
39 Енді қайтып бас көтермейтіндей етіп көздерін құртамын, талқандаймын+.
Оларды аяғымның астына жығамын.
42 Олар көмек сұрап айғайлайды, бірақ ешкім құтқармайды,
Тіпті Ехобаға жалбарынады, бірақ одан еш жауап алмайды+.
43 Мен оларды жердің тозаңындай ұнтақтаймын,
Көшедегі балшықтай езгілеймін, жермен-жексен етіп мылжалаймын.
44 Сен мені кінәлатып қоймайсың өз халқыма+,
45 Жатжерліктер маған келіп жағымпазданады+,
Сөзіме құлақ асып, мойынсұнады.
46 Жатжерліктер батылдықтан жұрдай болады,
Дірілдеп қамалдарынан шығады.
47 Ехоба — тірі Құдай! Жартасым мадақталсын+!
Құдайым, құтқарушы Жартасым, даңқталсын+!