Ишая
57 Әділ жан құрып жоғалады,
Бірақ бұған ешкім көңіл аудармайды.
Иә, адал жандар өмірден өтіп жатыр+;
Бірақ әділ адам жамандықтың кесірінен
Өмірден өтіп жатқанын* ешкім ұқпайды.
2 Ол тыным табады.
Тура жолмен жүретіндердің бәрі төсектеріне* жатады.
3 “Ей, сиқыршы әйелдің ұлдары,
Азғын, жезөкше әйелдің балалары, бері келіңдер!
4 Сендер кімді мазақтап тұрсыңдар?
Кімге ауыздарыңды арандай ашып, тілдеріңді шығарып тұрсыңдар?
Сендер күнәдан, алдамшылықтан туған балалар емессіңдер ме+?
5 Еңселі ағаштардың арасында, әрбір жайқалған талдың астында+
Құмарлыққа салынатындардың балалары емессіңдер ме+?
Жазық жерлерде, жартас қуыстарында
Өз балаларын өлтіретіндердің балалары емессіңдер ме+?
6 Сенің* сыбағаң — жазықтағы жұмыр тастар+.
Иә, үлесің — солар.
Сен сұйық тартуларыңды соларға құйып, сыйларыңды ұсынасың+.
Мен осыны қанағат тұтуым керек пе?!
8 Есіктің арты мен оның жақтауына естелік қойдың.
Сен мені тастап кетіп, тәніңді жалаңаштадың.
Жоғары көтеріліп, төсегіңді кең етіп салдың.
Сен солармен келісім жасастың;
Солармен бір төсекте жатқанды ұнаттың+,
Еркектің жыныс мүшесіне* қадала қарадың.
Өкілдеріңді шалғай жерлерге жіберіп,
Қадіріңді көрге* дейін түсірдің.
10 Түрлі жолдарда жүріп, тер төгіп, шаршадың,
Бірақ “Еш үміт жоқ!” демедің.
Қайтадан күш жинап, алған бетіңнен қайтпадың.
Мен үндемей, ішімнен тындым емес пе+?
Сондықтан сен менен қорықпадың.
12 Мен сенің “әділдігің”+ мен істеріңді+ аян етемін.
Олардан саған пайда болмайды+.
Олардың бәрін жел айдап әкетеді,
Әлсіз соққан жел лебінің өзі ұшырып кетеді.
Ал мені паналайтын адам жерді мұра етеді,
Киелі тауымды иелікке алады+.
14 Сонда: —Жол салыңдар, жол салыңдар! Жол даярлаңдар+!
Халқымның жолындағы кедергі атаулыны алып тастаңдар!— дейді”.
“Мен жоғары әрі киелі жерде мекендеймін+.
Бірақ бейшараның рухын, күйрегендердің жүрегін жандандыру үшін,
Солардың арасында да мекендеймін+.
Әйтпесе адамның рухы әлсіреп+,
Өмір лебі бар жаратылыстарымның күші сарқылар еді.
17 Мен оның арам пайда көздеп, күнәға батқанына қаһарландым+,
Сондықтан оны жазаладым, қаһарлана жүзімді жасырдым.
Бірақ ол жүрек қалауымен жүріп, опасыздық жасауын қоймады+.
Өзін де, ондағы қайғыға батқан жандарды да жұбатамын+.
19 Ауыздарына мадақ сөздерін саламын.
Алыстағылар мен жақындағылар үшін сарқылмайтын тыныштық орнайды+,— дейді Ехоба.
—Мен оны сауықтырамын.
20 Ал зұлымдар буырқанған теңізге ұқсайды,
Ол еш тынши алмай, балдыр мен лайды су бетіне көтере береді.
21 Зұлымдарда амандық пен тыныштық болмайды”,— дейді менің Құдайым+.