Мұсаның 5-жазбасы
18 Леуілік діни қызметкерлер мен бүкіл леуі руына Исраилдің арасынан мұралыққа жер берілмейді. Олар Ехобаға өртеп ұсынатын құрбандықтардан, яғни оның үлесінен, жейтін болады+. 2 Сондықтан бауырларының арасында олардың үлесі жоқ. Құдайдың өзі айтқандай, олардың үлесі — Ехоба.
3 Халықтың әкелген құрбандықтарынан діни қызметкерлерге бөліктер берілу керек. Егер құрбандыққа бұқа не қой әкелінсе, діни қызметкерге оның жауырыны, жақтары мен қарны берілсін. 4 Сондай-ақ астықтың, жаңа шарап пен майдың алғашқы өнімі, қойдың бірінші қырқылған жүні берілсін+. 5 Өйткені Ехоба Құдайларың леуіліктерді барлық рудың ішінен таңдап алып, әрқашан Ехобаның атынан қызмет етуге тағайындады+.
6 Егер Исраил қалаларының бірінде тұрып жатқан леуілік+ өз қалауымен Ехоба таңдаған жерге* көшіп барса+, 7 онда сол жерде Ехоба Құдайының алдында қызмет етіп жүрген басқа леуілік бауырлары сияқты, ол да Ехоба Құдайының атынан қызмет етсін+. 8 Отбасының мүлкін сатып, одан түскен қаражаты болса да, ол басқа леуіліктермен тең мөлшерде ас-судан үлесін алып отырсын+.
9 Ехоба Құдайларың бергелі жатқан жерге кіргенде, сондағы халықтардың жеркенішті салттарын үйренбеңдер+. 10 Араларыңда ешкім ұлын не қызын отқа өртемесін+, сәуегейлік+, сиқырлық+, бал ашу+, бақсы-балгерлік+, 11 дуалау, тәуіпке жүгіну+, көріпкелдік+, аруақтарды шақыру+ дегендермен айналыспасын. 12 Мұндаймен айналысатындар Ехобаға жеркенішті. Ехоба Құдайларың сол халықтарды осындай жеркенішті істері үшін алдарыңнан қуып отыр. 13 Ал сендер Ехоба Құдайларыңның алдында кінәратсыз болыңдар+.
14 Өздерің басып алуға бара жатқан жердегі сол халықтар сиқырлықпен+ және бал ашумен+ айналысатындарға жүгінуге әдеттенген. Ал сендерге Ехоба Құдайларың бұлай етуге тыйым салады. 15 Ехоба Құдайларың сендер үшін бауырларыңның арасынан мен сияқты бір пайғамбар шығарады. Соны тыңдаңдар+! 16 Өйткені Хорибтің етегінде жиналған күні+: “Енді Ехоба Құдайымыздың үнін естіп, мына ғаламат отты көрмей-ақ қояйық, әйтпесе өліп кетерміз”+,— деп Ехоба Құдайларыңнан өтініп едіңдер. 17 Сонда Ехоба маған былай деді: “Олардың айтқандары дұрыс. 18 Мен оларға бауырларының арасынан сен сияқты пайғамбар шығарамын+. Оның аузына сөздерімді саламын+, ол менің бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады+. 19 Кімде-кім сол пайғамбардың менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамаса, оны жауапқа тартамын+.
20 Егер қандай да бір пайғамбар өзім бұйырмаған сөздерді менің атымнан менменсіп айтатын болса немесе басқа құдайлардың атынан сөйлейтін болса, сол пайғамбар өлуге тиіс+. 21 Сендер іштей: —Бұл сөзді Ехоба айтпағанын қайдан білеміз?— деулерің мүмкін. 22 Онда мынаны біліп қойыңдар: егер пайғамбардың Ехобаның атынан айтқандары орындалмаса не рас болып шықпаса, онда бұл сөздер Ехобадан емес. Оларды пайғамбар менменсіп өзі айтқан. Одан қорықпаңдар”.