Зәбүр
Дәуіттің жыры. Маскил*.
32 Қылмысы кешірілген, күнәсі жабылған адам бақытты+.
3 Күнәмді айтпай үнсіз жүргенімде, күні бойы ыңқылдап, әбден діңкеледім+.
4 Себебі күні-түні сенің қолың зілдей боп үстімде жатты+.
Күш-қуатым жаздың аптабындағы су сияқты буланып кетті. (Села)
5 Ақырында мен күнәмді ашық мойындадым, қателігімді жасырмадым+.
“Ехобаға қылмыстарымды ашық айтамын”,— дедім+.
Сонда сен қателігімді де, күнәларымды да кешірдің+. (Села)
Сонда тіпті тасқын су да оған тимей, айналып өтеді.
Мені құтқарып, айналамды қуанышты дауысқа толтырасың+. (Села)
8 Сен былай дедің: “Мен саған түсінік сыйлаймын, жүруің керек жолды көрсетемін+.
Сені көзімнен таса қылмай, ақыл-кеңес беремін+.
9 Түйсігі жоқ атқа да, қашырға да ұқсама+,
Жуасыту үшін ауыздық не жүген саласың оларға,
Сонда ғана жуыта аласың қасыңа”.
10 Зұлымның басына көп қасірет түседі,
Ал Ехобаға арқа сүйейтіндер оның айнымас сүйіспеншілігіне бөленеді+.
11 Әділдер, Ехобаны ойлап қуаныңдар, шаттаныңдар!
Ақжүректілер, шат-шадыман болып дауыстаңдар!