Самуилдің 2-жазбасы
12 Содан Ехоба Дәуітке Натан пайғамбарды+ жіберді+. Ол патшаға келіп, мынаны айтты: “Бір қалада екі кісі бар еді. Біреуі бай, екіншісі кедей екен. 2 Байдың ірілі-ұсақты малы көп болса+, 3 кедейдің сатып алған бір кішкентай қозысынан басқа ештеңесі болмады+. Кедей оны күтіп-баптап, балаларымен бірге өсіріпті. Ол қожайынының дастарқанындағы азын-аулақ тамақтан жеп, тостағанынан су ішіп, қолында ұйықтап, туған қызындай болыпты. 4 Бірде байға қонақ келіпті. Бірақ ол тамақ пісіру үшін өз қой-сиырын сойғысы келмей, кедейдің әлгі қозысын тартып алып, содан қонағына тамақ пісіріп беріпті+”.
5 Дәуіт әлгі байға қатты ашуланып, Натанға: “Ехобаның тірі екеніндей хақ сөзім+, осылай еткен адам өлімге лайық! 6 Кедейге жаны ашымай, осылай істегені үшін ол қозының орнын төрт есе толтыру керек+!”— деді.
7 Сонда Натан мынаны айтты: “Сол адам сенсің! Исраилдің Құдайы Ехоба былай дейді: —Мен сені Исраилдің патшасы етіп тағайындадым+, Саулдың қолынан да құтқардым+. 8 Патша иеңнің үй іші+ мен әйелдерін+ саған бердім. Исраил үйі мен Яһуда үйін де қолыңа табыстадым+. Мұны аз көрсең, бұдан да көп қосып берер едім+. 9 Неге Ехобаның сөзін елемей, оның көз алдында осындай жамандық істедің? Сен хеттік Ұрияны семсермен өлтірдің+! Оның әйелін өзіңе алдың+, ал өзін аммондықтардың семсерімен өлтірдің+. 10 Мені елемей, хеттік Ұрияның әйелін өзіңе алғаның үшін, бұдан былай үйіңе семсер төніп тұратын болады+. 11 Ехоба тағы да мынаны айтады: —Міне, өз үй ішіңнен саған қарсы пәле шығарамын+. Көз алдыңда әйелдеріңді алып, басқа біреуге беремін+. Ол тапа тал түсте әйелдеріңмен жақындасады+. 12 Сен жасырынып әрекет еттің+, ал мен бұны бүкіл Исраилдің алдында әрі тапа тал түсте істеймін”.
13 Сонда Дәуіт Натанға: “Мен Ехобаға қарсы күнә жасадым”,— деді+. Натан оған: “Ендеше, Ехоба күнәңді кешіреді+, сен өлмейсің+. 14 Бірақ осы қылығыңмен Ехобаны қатты қорлағаның үшін, жаңа туған ұлың шетінейді”,— деп жауап берді.
15 Бұдан кейін Натан үйіне қайтып кетті.
Ұрияның әйелі Дәуітке туып берген баланы Ехоба ауыр дертке ұшыратты. 16 Дәуіт бала үшін шынайы Құдайға жалбарынды. Ол ораза тұтып, өз бөлмесінен шықпай, түні бойы жерде жатты+. 17 Үйіндегі ақсақалдар келіп, жерден тұрғызуға тырысқанмен, ол көнбеді. Олармен бірге тамақ та ішпей қойды. 18 Жетінші күні нәресте шетінеді. Қызметшілері Дәуітке бұны айтуға бата алмай, өзара: “Бала әлі тірі кезде айтқан сөзімізге құлақ асқысы келмеп еді, енді баланың шетінегенін қалай айтамыз? Ол өзіне бірдеңе істеп қойып жүрер”,— десті.
19 Дәуіт олардың сыбырласып тұрғанын байқап, баласының шетінегенін түсінді. Сондықтан қызметшілерінен: “Бала шетінеді ме?”— деп сұрады. Олар: “Иә”,— деп жауап берді. 20 Сонда Дәуіт орнынан тұрып, жуынып-шайынып, маймен сыланып+, киімін ауыстырды. Бұдан кейін Ехобаның үйіне+ барып тағзым етті. Сосын үйіне қайтып келіп, тамақ сұрады. Қызметшілері дереу алдына ас қойды, ол содан жеп алды. 21 Қызметшілері бұған: “Неге бұлай еттіңіз? Балаңыз тірі кезде сол үшін ораза тұтып, жылаумен болдыңыз. Ол шетінеп еді, орныңыздан тұрып, тамақ жей бастадыңыз”,— деді. 22 Дәуіт: “Балам тірі кезде: —Кім біледі, бәлкім, Ехоба маған оң көзбен қарап, балам тірі қалар?— деген оймен ораза ұстап+, жылаумен болдым+. 23 Бірақ ол шетінеді, енді ораза ұстап қайтемін? Бәрібір оны қайтара алмаймын ғой+. Мен оған барармын+, ол маған қайтып келмейді+”,— деп жауап берді.
24 Сосын Дәуіт әйелі Барсабияға+ барып, оны жұбатты. Кейін онымен жақындасты да, ол ұл туды. Балаға Сүлеймен* деген ат қойылды+. Ехоба нәрестені жақсы көрді+. 25 Ол Натан арқылы хабар жіберіп+, баланың атын Едидеях* деп қойды. Себебі ол Ехоба сүйген бала болды.
26 Бұл кезде Жоғаб аммондықтардың+ Рабба қаласына+ қарсы соғысты жалғастырып, патша қаласын жаулап алған еді+. 27 Ол Дәуітке шабармандарын жіберіп: “Мен Раббаға қарсы соғысып+, сулар қаласын* басып алдым. 28 Енді қалған сарбаздарды жинап, қалаға қарсы орналасып, оны жаулап ал. Қаланы өзім алсам, ол менің атыммен аталып жүрер”,— деген хабар жеткізді.
29 Дәуіт барлық сарбаздарын жинап, Раббаға аттанды да, қалаға қарсы соғыс жүргізіп, оны жаулап алды. 30 Ол Малхамның басындағы тәжін шешіп алды. Бір талант* алтыннан жасалып, асыл тастармен әшекейленген тәж Дәуіттің басына кигізілді. Бұған қоса, ол қаладан өте көп олжа+ алып шықты+. 31 Ол қала тұрғындарын да алып шығып, тас кестіріп қойды, сондай-ақ оларды өткір темір саймандармен, балтамен істелетін жұмысқа салды, кірпіш те құйдырды. Дәуіт аммондықтардың барлық қалаларының тұрғындарын да осындай жұмысқа салды. Содан Дәуіт бүкіл сарбаздарымен Иерусалимге қайтып келді.