Нехемия
1 Бұл — Ақалия ұлы Нехемияның*+ сөзі. Мен жиырмасыншы жылдың* кислев* айында Сузы+ қаласындағы патшаның бекіністі сарайында едім. 2 Сол кезде бауырларымның бірі Ханани+ бірнеше адаммен Яһудадан келді. Мен одан тұтқыннан еліне қайтқан яһудилер+ мен Иерусалим қаласы жайлы сұрастырдым. 3 Олар былай деді: “Тұтқыннан оралып, Яһуда аймағында* тұрып жатқандардың жағдайы мүшкіл, халық қорлық көріп жүр+. Ал Иерусалимнің қабырғалары қирап жатыр+, қақпалары өртеніп кеткен+”.
4 Осы сөздерді естігенде, мен отыра кетіп, жыладым. Бірнеше күн қайғырып, ораза тұтып+, көктегі Құдайға дұға етумен болдым. 5 Оған былай дедім: “Уа, көктегі Құдай Ехоба*! Сен ұлы да айбынды, келісіміңді бұзбайтын, өзіңді сүйіп, заңдарыңды орындайтындарға айнымас сүйіспеншілік танытатын Құдайсың+. 6 Бүгін алдыңда тұрып, қызметшілерің исраилдіктер үшін күні-түні жалбарынып жатқан+ мендей құлыңның дұғасына құлақ түріп, назарыңды салшы. Дұғамда Исраил халқыңның саған қарсы жасаған бар күнәсін мойындаудамын. Өзім де, әулетім де күнә жасадық+. 7 Қызметшің Мұса арқылы берген заңдарыңды, нұсқауларың мен шешімдеріңді орындамай+, біз сенің алдыңда сорақы істер жасадық+.
8 Мұса арқылы бұйырған сөзіңді* есіңе ала көр. Сен: —Егер опасыздық жасасаңдар, сендерді басқа халықтардың арасына бытыратып жіберемін+. 9 Бірақ маған бет бұрып, бұйырғандарымды ұстанып, орындасаңдар, сендер жердің түкпір-түкпіріне тарап кеткен болсаңдар да, сол жерлерден жинап+, өз есімім үшін таңдаған жерге+ алып келемін,— деген едің. 10 Олар құдіретті күшіңмен, қуатты қолыңмен азат еткен* қызметшілерің әрі халқың ғой+. 11 Уа, Ехоба, мендей құлыңның және есіміңді шын жүректен қастерлейтін қызметшілеріңнің дұғасына құлақ түре көрші. Өтінемін, бүгін құлыңның ісін оңғарып, патшаның шапағатын түсіре көрші+”.
Сол кезде мен патшаға шарап ұсынатын қызметші едім+.