Нехемия
9 Сол айдың жиырма төртінші күні исраилдіктер жиналды. Олар азалы киім* киіп, бастарына топырақ шашып, ораза тұтты+. 2 Исраилдің осы үрім-бұтағы жатжерліктерден бөлініп шықты+. Олар тұрып, өздерінің күнәлары мен әкелерінің қылмыстарын мойындады+. 3 Сол жерде тұрған жұртқа үш сағат бойы* Ехоба Құдайлары берген Заң кітабы оқылды+. Кейінгі үш сағатта олар күнәларын мойындап, Ехоба Құдайларына тағзым етті.
4 Ешуа, Бани, Кадмиел, Шебаниях, Буни, Шеребиях+, Бани және Кенани леуіліктерге арналған мінбеге шығып+, Ехоба Құдайларына дауыстап жалбарынды. 5 Сосын леуіліктер, атап айтқанда: Ешуа, Кадмиел, Бани, Хашабнеях, Шеребиях, Ходиях, Шебаниях және Петақия — халыққа былай деді: “Орындарыңнан тұрып, Ехоба Құдайларыңды мәңгі бақи мадақтаңдар+! Уа, Құдай, өз есіміңнің даңқын шығара көр, өйткені ол барлық мадақ пен даңқ атаулыдан жоғары!
6 Ехоба, сен жалғыз Құдайсың+. Көкті, көктердің көгін және ондағының бәрін*, жер мен ондағының бәрін, теңіз бен ондағының бәрін жаратқан — сенсің. Олар сенің арқаңда тіршілік етуде. Көк әскері саған иіліп тағзым етеді. 7 Ехоба, сен Ыбырамды+ халдейлердің Ур қаласынан алып шығып+, оған Ыбырайым деп есім берген+ шынайы Құдайсың. 8 Оның жүрегі өзіңе адал екенін көрдің+, сондықтан онымен келісім жасап, қанахандықтардың, хеттіктердің, аморлықтардың, перездіктердің, ебустіктер мен гергестіктердің жерін оған, оның ұрпақтарына, беруді уәде еттің+. Сөйтіп, уәделеріңді орындадың, өйткені сен әділсің.
9 Сен ата-бабаларымыздың Мысырда қалай азап шеккенін көрдің+, Қызыл теңіздің жағасында айғайлап жалынғанын естідің. 10 Сонда менменсіп халқыңа жәбір көрсеткен+ перғауын мен оның қызметшілеріне және сол елдің күллі халқына қарсы белгілер көрсетіп, кереметтер жасадың+. Осылай есіміңнің даңқын шығардың, бұл әлі күнге дейін солай+. 11 Халқыңның алдында теңізді қақ жардың, олар теңіз ортасындағы құрғақ жермен арғы бетке өтті+. Ал қуғыншыларын буырқанған суға лақтырған тастай теңіз түбіне батырдың+. 12 Сен халқыңды күндіз бұлт бағанасы арқылы, ал түнде жүретін жолдарына жарық түсіру үшін от бағанасы арқылы жетелеп отырдың+. 13 Синай тауына түсіп+, көктен тіл қатып+, әділ шешімдеріңді, ақиқат заңдарыңды*, ізгі нұсқауларың мен бұйрықтарыңды бердің+. 14 Қасиетті Демалыс күнін* жарияладың+, қызметшің Мұса арқылы бұйрықтарыңды, нұсқауларың мен заңдарыңды бердің. 15 Ашыққанда, көктен нан бердің+, шөлдегенде, жартастан су шығардың+. Оларға беремін деп қолыңды көтеріп ант еткен жерге кіріп, оны иемденіңдер дедің.
16 Бірақ ата-бабаларымыз менмендікпен әрекет етіп+, тоңмойын болып+, заңдарыңа мойынсұнбай қойды. 17 Олар саған құлақ асудан бас тартты+, араларында жасаған керемет істеріңді ұмытты. Тоңмойындыққа салынып, Мысырдағы құлдыққа қайту үшін өздеріне басшы тағайындап алды+. Бірақ сен кешірімшіл, жанашыр да мейірімді, ашуға баяу, айнымас сүйіспеншілігің мол Құдайсың+, сондықтан оларды тастамадың+. 18 Тіпті балқытып бұзау мүсінін жасап алып: “Мынау — сені Мысырдан алып шыққан Құдайың”,— деп+, сені қорлайтын істер жасағанда да, 19 мейірімің зор болғандықтан, оларды шөлде тастап кеткен жоқсың+. Күндіз жол көрсетіп келе жатқан бұлт бағанасы, түнде жолдарына жарық түсіріп келе жатқан от бағанасы оларды қалдырмады+. 20 Ақыл-парасат дарыту үшін ізгі рухыңды бердің+. Маннадан айырмадың+, шөлдегенде, су беріп тұрдың+. 21 Шөл далада 40 жыл бойы тамақпен қамтамасыз еттің+. Олар еш нәрседен тарықпады. Киім-кешектері тозбады+, аяқтары да ісінбеді.
22 Сен патшалықтар мен халықтарды олардың қолына беріп, жерлерін үлестірдің+. Осылайша олар Хешбон+ патшасы Сихонның және Башан патшасы Огтың жерін иемденіп алды+. 23 Олардың үрім-бұтағын аспандағы жұлдыздардай сансыз етіп көбейттің+. Ата-бабаларына уәде еткен жерге, яғни кіріп, иемденулері керек жерге алып келдің+. 24 Содан халқың кіріп, сол елді иемденіп алды+. Сондай-ақ сол жердің тұрғындары — қанахандықтарды бағындырдың+. Сол жердің патшалары мен халықтарына қалағандарын істету үшін, олардың қолына бердің. 25 Бекіністі қалалар+ мен құнарлы жерлерін+ басып алып, дүние-мүлікке толы үйлерін, дайын су қоймаларын, жүзімдіктерін, зәйтүн бақтары+ мен көптеген мәуелі ағаштарын иемденді. Олар ішіп-жеп тойынды, семіріп, сенің ізгілігіңнің рақатын көрді.
26 Алайда ата-бабамыз саған мойынсұнбай, қарсы шықты+, Заңыңнан теріс айналды. Өзіңе қайтару үшін ескерту айтқан пайғамбарларыңды өлтірді, сорақы істер жасап, сені қорлады+. 27 Сол үшін дұшпандарының қолына бердің+, олар халыққа азап шеккізді+. Азап көрген кезінде халқың саған жалбарынып айқайлады, сонда көктен оларды естідің. Мейірімің зор болғандықтан, құтқарушылар жіберіп, жауларының қолынан оларды азат етіп отырдың+.
28 Бірақ еркін өмір сүре бастағанда, көз алдыңда қайтадан жаман істер жасайтын+. Сонда халқыңды қайтадан жауларының қолына беріп, оларға үстемдік еткіздің+. Сол шақта олар өзіңе қайта бұрылып, көмек сұрап жалбарынатын+. Ал сен жалбарыныштарына көктен құлақ салып, мейірімің зор болғандықтан, қайта-қайта құтқарып отырдың+. 29 Заңыңа бет бұрғызу үшін қанша ескерту айтсаң да, олар менменсіп, заңдарыңа құлақ асудан бас тартатын+. Ұстанған адамға өмір сыйлайтын нұсқауларыңды+ орындамай, күнә жасады. Қыңырланып теріс айналды, тоңмойын болып, тыңдаудан бас тартты. 30 Сен оларға көп жыл бойы шыдамдылық таныттың+, пайғамбарларыңа өз рухыңды дарытып, солар арқылы халқыңды ескерттің, бірақ бәрібір құлақ аспады. Ақыр соңында, айналадағы халықтардың қолына бердің+. 31 Мейірімің зор болғандықтан, оларды құртып жібермедің+ не тастап кетпедің. Өйткені сен жанашыр да мейірімді Құдайсың+.
32 Ал енді, уа, Құдайымыз, ұлы да құдіретті, айбынды, келісімін бұзбайтын және айнымас сүйіспеншілік танытатын Құдайымыз+, біздің, патшаларымыздың, басшыларымыздың+, діни қызметкерлер+ мен пайғамбарларымыздың+, ата-бабамыздың, бүкіл халқыңның басына Ассирия патшаларының+ күнінен бері түсіп келе жатқан қиындықтарды елеусіз қалдырма! 33 Басымызға не түссе де, сен әділ болдың. Қанша адалдық танытсаң да, біз зұлым істер жасай бердік+. 34 Патшаларымыз да, басшыларымыз да, діни қызметкерлеріміз бен ата-бабаларымыз да Заңыңды ұстанбады, бұйрықтарыңа және сақтандырмақ болып айтқан ескертулеріңе ден қоймады. 35 Тіпті өз патшалығында, сен берген мол игіліктің рақатын көріп, өзің сыйлаған байтақ та құнарлы өлкеде тұрып жатса да, олар саған қызмет етпеді+, жаман істерін тастамады. 36 Енді, міне, біз құлмыз+. Иә, өзің ата-бабамызға өнімін жеп, игілігін көр деп берген жерде құл болып жүрміз. 37 Бұл жердің мол өнімін жатжерлік патшалар жеуде. Оларды сен күнәміз үшін үстімізден билік еткізіп қойдың+. Олар өзімізге де, малымызға да өз білгендерінше қожайын болуда. Содан біз қатты азап шегудеміз.
38 Осының бәрін ескеріп, берік уәде беріп тұрмыз+. Оны жазып, басшыларымыздың, леуіліктер мен діни қызметкерлеріміздің+ мөрімен бекіттік”.