Әйүп
26 Әйүп бұған былай деп жауап берді:
2 “Паһ, шіркін, сен әбден қалжыраған адамға көмектесіп,
Қолынан қуат кеткен адамға нағыз демеу болдың ғой+!
3 Ақылы жоққа берген кеңесің неткен керемет+!
Данышпандығың да орасан зор екен!
4 Мұның бәрін кімге айтып отырсың?
Айтып жатқандарыңды аузыңа кім салып берді?
5 Сұлық жатқан өліктер қорқып діріл қағады,
Олар теңіз бен оны мекендейтіндерден де төмен жатыр.
9 Құдай өз тағын көзден тасалап,
Үстіне бұлтын жайды+.
11 Көтеріңкі даусынан аспан тіректері шайқалады,
Аңтарылып, абыржып қалады.
13 Демімен аспанды шайдай ашық қылады,
Ирелең қағып бұлаңдаған жыланды қолымен жаншиды.
Ал құлақ тұндыра күркіресе, кім түсіне алады+?”