Әйүп
15 Бұған темандық Елифаз+ былай деп жауап берді:
3 Оның құр сөзбен түзеткенінен ештеңе шықпайды,
Бос сөзінен де пайда жоқ.
4 Сенің кесіріңнен Құдайдан қорқу деген аяқасты болды,
Оның алдында ойланып-толғану да бекер болып шықты.
5 Айтар сөзіңді аузыңа күнәң салып беріп отыр,
Сен зымияндықпен сөйлеуді таңдадың.
6 Сені мен емес, өз сөздерің айыптап,
Өз аузың әшкерелеп жатыр+.
7 Ең алғаш туған адам сен бе едің,
Әлде тау-төбелерден бұрын дүниеге келіп пе едің?
8 “Құдайдың құпия сөзін естідім,
Менен басқа данышпан жоқ” деп ойлайсың ба?
9 Біз білмей, сен білетін+,
Біз түсінбей, сен ғана түсінетін не бар?
11 Әлде Құдайдың жұбатқанын,
Жылы сөздерін аз көріп отырсың ба?
12 Неге жүрегіңе тәкаппарлық ұялатасың?
Неге көзіңді алартасың?
13 Сен Құдайға ашуланып,
Осындай сөздер айтуға дәтің барып отыр ғой.
17 Тыңдашы, сені құлағдар етейін,
Өз көзіммен көргенімді айтып берейін.
18 Мұны дана кісілер де әкелерінен естіп+,
Өзгелерден жасырмаған.
19 Жер жалғыз соларға беріліп,
Араларынан бөтен адам өтпеген.
20 Зұлым өмір бойы азап шегеді,
Озбыр адам қиындықтан көз ашпай өтеді.
21 Құлағына қорқынышты дыбыстар естіледі+,
Тыныш кезде тонаушылар шабуыл жасайды.
22 Ол түнектен шығамын деп үміттенбейді+,
Семсерден қашып құтылмайды.
23 “Нан қайда екен?” деп тентіреп жүреді.
Қара түнек төнетін күннің жақын екенін біледі.
24 Азап пен қасірет үрейін ұшырады,
Шабуылға шыққан патшадай жаулап алады.
25 Өйткені ол Құдайдың өзіне қолын көтереді,
Құдіреті шексіз Құдайдың алдында мардамсиды*.
26 Қалың да мықты қалқанын алып,
Қыңырлықпен оған қарсы аттанады.
27 Оның бетін май басып,
Мықынына қоң жиналған.
28 Ол жермен-жексен болатын қалаларда тұрады,
Үйінді тастарға айналатын,
Қаңырап қалған үйлерді мекендейді.
29 Оған дүние бітпейді, еш байымайды,
Жиған-тергені жер бетін жайламайды.
30 Түнектен қашып құтылмайды.
Өскінін жалын шарпып, қуратып тастайды,
Құдайдың аузынан шыққан дауыл оны құртып жібереді+.
31 Ол түкке тұрғысыз нәрсеге арқа сүйеп, алданбасын,
Өйткені мұның жемісі де түкке тұрғысыз болады.
32 Бұл оның күні келіп жетпей-ақ жүзеге асады.
Бұтақтары енді қайтып жайқалмайды+.
33 Ол піспей тұрып жемісін төккен жүзім бұтасына,
Түйіндемей тұрып гүлін төккен зәйтүн ағашына ұқсайды.
34 Себебі құдайсыздар жиыны өнімсіз қалады+,
Парақорлардың шатырын от жалмайды.
35 Олар пәлеге жүкті болып, зұлымдық туады,
Құрсақтарынан арамдық шығады”.