Зәбүр
ל [Ламед]
10 Уа, Ехоба, неге сонша алыстасың?
Қиын шақтарда неге жасырынасың+?
נ [Нун]
Ехобаның абыройын аяқасты қылады.
4 Зұлым тәкаппарланып Құдайды іздемейді,
Жатса да, тұрса да: “Құдай жоқ!”— дейді+.
Ол жауларының бәрін мазақ етеді,
6 Іштей: “Мені ешкім шайқалта алмайды,
Ұрпақтан ұрпаққа пәле де жоламайды”,— дейді+.
פ [Пе]
8 Ауыл сыртында тасаланып торуылдап отырады,
Тасада отырып, кінәсіз адамды мерт қылады+.
ע [Аин]
Бейбақ жемтігіне көзін қадайды+,
9 Апанындағы арыстандай тосқауылда отырады+,
Қорғансыз жанды ұстап алу үшін күтіп жатады.
Торын тартып, оны қармайды+.
10 Жемтігі мысы құрып, жерге жығылады,
Бейшаралар зұлымның тырнағына ілігеді.
11 Зұлым іштей: “Құдай істерімді ұмытты+.
Ол жүзін теріс бұрды, ештеңені аңғармайды”,— дейді+.
ק [Коф]
12 Көтерілші, Ехоба+! Уа, Құдай, қолыңды асқақтатшы+.
Дәрменсіз жандарды ұмыт қалдырмашы+.
13 Неге зұлым адам Құдайды қадірлемейді?
Іштей: “Ол жауапқа тартпайды”,— дейді.
ר [Реш]
14 Бірақ сен қайғыны да, қасіретті де көресің.
Бәрін бақылап, мәселені өз қолыңа аласың+.
ש [Шин]
16 Ехоба — мәңгілік Патша+.
Халықтар жер бетінен құрып кетті+.
ת [Тав]
17 Бірақ сен, уа, Ехоба, момындардың жалбарынған үнін естисің+,