3 Балам, тәлімімді ұмытпа,
Өсиеттерімді шын жүрегіңмен орында,
2 Өйткені олар күніңе күн,
Ғұмырыңа ғұмыр қосып, тыныштық сыйлар+.
3 Айнымас сүйіспеншілік пен адалдықтан ажырама+.
Оларды мойныңа тағып ал,
Жүрегіңе жазып қой+.
4 Сонда сені Құдай да, адам да ұнатып+,
Терең түсінігі бар деп біледі.
5 Ехобаға бар жүрегіңмен сенім арт+,
Өз ақылыңа сүйеніп жүрме+.
6 Барлық ісіңде оны ескер+,
Сонда ол жолыңды тегістер+.
7 Өзіңді данамын деп санама+.
Ехобадан қорқып, жамандыққа жолама.
8 Бұл тәніңе шипа болып,
Сүйектеріңді нығайтар.
9 Ехобаны құрметте құнды нәрселеріңмен+,
Жеріңнің алғашқы өнімімен+.
10 Сонда қамбаларың лық толар+,
Астауларыңнан жаңа шарап асып-тасар.
11 Балам, Ехоба жөнге салғанда, бас тартпа+,
Түзеткенде, онысын жек көріп жүрме+.
12 Әкесі жақсы көретін баласын түзеткендей+,
Ехоба кімді жақсы көрсе, соны түзетеді+.
13 Қандай бақытты даналықты тапқан адам+,
Парықтылыққа үйренген жан!
14 Даналықты иемдену күмістен артық,
Оның берер пайдасы алтыннан зор+.
15 Ол маржаннан да қымбат,
Құмартқан еш нәрсең оған тең келмес.
16 Ұзақ ғұмыр оның оң қолында,
Байлық пен қадір-құрмет сол қолында.
17 Оның жолдары жағымды,
Татулыққа жетелейді барлығы+.
18 Ие болғандарға ол — өмір ағашы,
Оны берік ұстанғандар бақытты саналады+.
19 Ехоба жердің негізін даналықпен қалады+,
Аспанды ақыл-парасатпен нық орнатты+.
20 Оның білімімен тұңғиық сулар бөлінді,
Аспандағы бұлттан тамшылап жаңбыр жауды+,
21 Балам, бұларды елеусіз қалдырма.
Даналық пен саналылықты сақта,
22 Саған олар өмір сыйлар,
Мойынға тағылған алқадай болар.
23 Сонда жолыңда қауіпсіз жүресің,
Аяғың шалынып, ешқашан сүрінбейсің+.
24 Жатқанда еш нәрседен қорықпайсың+,
Төсекте рақаттанып ұйықтайсың+.
25 Кенеттен келетін апаттан шошымайсың+,
Зұлымдарға төнген дауылдан үрейленбейсің+.
26 Ехоба тіренішің болады+,
Аяғыңды тұзақтан сақтайды+.
27 Қолыңнан келіп тұрғанда+,
Мұқтаждарға жақсылық жасаудан тартынба+.
28 Қолыңда бар бола тұра,
“Бар, кейін кел! Ертең беремін”,— деме.
29 Жаныңда бейқам тұрып жатқан адамға
Қиянат жасауды ойлаушы болма+.
30 Өзіңе жамандық жасамаса+,
Еш себепсіз адаммен жанжалдаспа+.
31 Бұзақы адамға қызығып қарама+,
Оның бірде-бір жолын таңдама,
32 Өйткені Ехоба арамза адамнан жеркенеді+,
Шыншыл адаммен жақын дос болады+.
33 Ехоба зұлымның үйіне қарғыс айтады+,
Ал әділдің үйіне батасын жаудырады+.
34 Мазақтағыштардың өзін мазақ етеді+,
Момындарға ықыласын түсіреді+.
35 Даналар сый-құрметке бөленер,
Надандар масқара нәрсені мадақтар+.