Матай
1 Бұл — Ыбырайымның ұрпағы+ әрі Дәуіттің әулетінен шыққан+ Иса Мәсіхтің* өмірі* туралы жазылған кітап.
Ысқақтан Жақып+,
Жақыптан Яһуда+ мен оның бауырлары туылды,
3 Яһудадан Парес пен Зарах+ туылды, олардың анасы Тамар еді.
Парестен Хесрон+,
Хесроннан Рам+,
4 Рамнан Әминадап,
Әминадаптан Нағасон+,
Нағасоннан Салмон,
5 Салмоннан Бағоз туылды, оның анасы Рахаб+ болатын.
Бағоздан Ғабит туылды, оның анасы Рут+ еді.
Ғабиттен Есей+,
Ал Дәуіттен Сүлеймен+ туылды, оның анасы бұрын Ұрияның әйелі болатын.
Робоғамнан Әбиях,
Әбияхтан Аса+,
Жосафаттан Жорам+,
Жорамнан Ұзиях,
Жотамнан Ахаз+,
Ахаздан Езекия+,
Манасадан Амон+,
Амоннан Жосия+,
11 Жосиядан+ Ехония+ мен оның бауырлары туылды. Олар яһудилер Бабыл еліне жер аударылған кезеңде өмір сүрген еді+.
12 Бабыл елінде Ехониядан Салател,
Салателден Зоробабел+,
13 Зоробабелден Әбиуд,
Әбиудтан Елиәкім,
Елиәкімнен Азор,
14 Азордан Садық,
Садықтан Ахим,
Ахимнан Елиуд,
15 Елиудтен Елазар,
Елазардан Матан,
Матаннан Жақып,
16 Жақыптан Мәриямның күйеуі Жүсіп туылды. Ал Мәриямнан Мәсіх+ болған Иса дүниеге келді+.
17 Осылайша барлығы, яғни Ыбырайымнан Дәуітке дейін 14 ата, Дәуіттен яһудилердің Бабыл еліне жер аударылғанына дейін 14 ата, Бабыл еліне жер аударылғанынан Мәсіхке дейін 14 ата болды.
18 Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Олар әлі қосылмай тұрып, Мәриям киелі рухтың* құдіретімен бала көтерді+. 19 Оның күйеуі* Жүсіп әділ кісі еді. Сондықтан қалыңдығын ел алдында масқара еткісі келмей, онымен жасырын түрде ажыраспақ* болды+. 20 Бірақ ол осылай ойлағаннан кейін, Ехобаның* періштесі түсінде көрініп былай деді: “Дәуіт ұлы Жүсіп, әйелің Мәриямды үйіңе алып келуге қорықпа! Өйткені ол киелі рухтың құдіретімен жүкті болды+. 21 Ол ұл табады, сен оның атын Иса* деп қой+. Себебі ол өз халқын күнәларынан құтқаратын болады+”. 22 Мұның бәрі Ехобаның өз пайғамбары арқылы айтқан мына сөздері жүзеге асу үшін болды: 23 “Міне, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл табады. Оған Еммануил+ деген ат қояды”. Бұл “Құдай бізбен бірге” дегенді білдіреді+.
24 Содан Жүсіп ұйқысынан оянған соң, Ехобаның періштесінің бұйрығын орындап, әйелі Мәриямды үйіне алып келді. 25 Бірақ ол босанып, ұл тапқанша+, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Ал нәресте туылғанда, оған Иса деп ат қойды+.