Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
14 Ақымақ адамдар іштей: “Ехоба жоқ!”— дейді+.
Олардың істері бұзық, әрекеттері де жеркенішті.
Жақсылық жасайтын ешкім жоқ+.
2 Ехоба көктен адамзатқа қарайды,
Ехоба өзін іздейтін түсінігі бар адамды көруді қалайды+.
3 Бәрі теріс жолға түсіп+, бірі қалмай бұзылып кетті,
Жақсылық жасайтын ешкім жоқ,
Тіпті біреуі де жоқ.
4 Зұлымдық жасайтындар шынымен түсінбей ме?
Олар халқымды нан жегендей жалмайды,
Өздері Ехобаға дұға айтпайды.
5 Бірақ олардың бойын қатты үрей билейді+,
Өйткені әділ ұрпаққа Ехоба жар.
6 Зұлымдық жасаушылар, сендер бейшараның жоспарын бұзуға тырысасыңдар,
Бірақ оның панасы — Ехоба+.
7 Исраилге құтқарылу Сионнан келсе ғой+!
Ехоба тұтқындағы халқын қайта жинағанда,
Жақып қуанып, Исраил шаттанса ғой!