Әйүп
38 Сонда Ехоба Әйүпке боран ішінен былай деп жауап берді+:
3 Кәне, нағыз ердей беліңді бушы,
Мен сұрайын, ал сен жауап бер.
5 Оның өлшемдерін жасаған,
Көлденең белдеу тартқан кім екенін білесің бе?
6 Оның тұғыры неге орналасқан?
Бұрыштық тасын кім қалаған+?
7 Таңғы жұлдыздар+ қуана айғайлағанда,
Құдай ұлдарының*+ бәрі шаттана мадақ айтқанда, сен қайда едің?
9 Мен оны бұлтқа орап, қара түнекпен құндақтап қойғанымда,
10 Оның шегарасын белгілеп,
Қақпалары мен ысырмаларын орнатқанымда+,
11 Сосын оған: —Мына жерге дейін келесің, әрі қарай бармайсың,
Тәкаппар толқындарың осы жерден тоқтасын!— дегенімде+, сен қайда едің?
14 Жарық түскенде жер сазға мөр басқандай айқындалып,
Ондағының бәрі орын-орнына киімдей қона қалады.
15 Ал зұлымдар жарығынан айырылады,
Жоғары көтерген қолдары сынады.
16 Сен теңіз түбіндегі қайнарларға дейін жеткенсің бе?
Су тұңғиықтарын шарлап зерттегенсің бе+?
18 Ұшан-теңіз жердің ауқымын ұққансың ба+?
Осының бәрін білсең, айтшы, кәне.
20 Оларды өз жеріне жеткізіп салу үшін,
Үйлеріне апаратын жолды біле аласың ба?
21 Осының бәрін білетіндей, сол заманда туылып,
Соншалықты көп жасадың ба?
26 Бұлттар елсіз далаға,
Тірі жан тұрмайтын шөл далаға жаңбыр болып түседі+,
27 Құлазыған иен даланы суарып,
Оны жасыл желекке киіндіреді+.
Шық тамшыларын дүниеге келтіретін кім+?
29 Мұз кімнің құрсағынан шығады?
Көктен түсетін қырауды кім туады+?
33 Аспан денелерін басқаратын заңдарды білесің бе+?
Жер бетіне олардың* билігін орната аласың ба?
35 Найзағай ойнату қолыңнан келе ме?
Олар саған келіп “Біз мұндамыз!” дей ме?
37 Бұлттарды есептеуге кімнің даналығы жетеді?
Аспан ыдыстарын кім төңкеріп тастай алады+?
38 Сонда шаң-тозаң балшыққа айналады,
Топырақ кесектері бір-біріне жабысады.
39 Сен арыстанға жемтігін ұстап беріп,
Жас арыстандардың қарнын тойдыра аласың ба+?
40 Апандарында шабуылға даярланып
Не тасада жемтігін аңдып жатқанда, тояттандыра аласың ба?