Ешуа
14 Ал Қанахан жерінде исраилдіктердің мұралы иеліктерін діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраил руларының әулетбасылары берді+. 2 Олардың мұралы иеліктері Мұса арқылы Ехоба бұйырғандай, жеребе+ арқылы тоғыз ру мен жарты руға бөлінді+. 3 Өйткені Мұса Исраилдің қалған екі руы мен жарты руына Иорданның арғы бетінен* мұралы иеліктерін беріп қойған еді+. Ал леуіліктерге халық арасынан мұралы иелік бермеді+. 4 Жүсіптің ұрпақтары Манаса мен Ефрем+ екі ру деп есептелетін+. Ал леуіліктерге бұл жерден үлес берілмеді, тек ұсақ және ірі мал ұстайтын жайылымдары бар қалалар+ берілді+. 5 Осылайша Ехобаның Мұсаға берген бұйрығына сай, исраилдіктер жерді бөліп алды.
6 Бұдан кейін Ғылғалдағы+ Ешуаға яһуда руының адамдары келді де, кеназдық Епунех ұлы Халеп+ оған былай деді: “Ехобаның Қадеш-Барнида+ қызметшісі Мұсаға+ екеуміз жайлы не дегенін өзің жақсы білесің+. 7 Ехобаның қызметшісі Мұса 40 жасымда мені Қадеш-Барнидан осы жерді барлауға жіберді+. Қайтып келген соң, мен ештеңе жасырмай, көргенімнің бәрін оған айтып бердім+. 8 Менімен бірге барып келген бауырларым халықты қорқытып, зәресін ұшырды, ал мен Құдайым Ехобаға толық мойынсұндым+. 9 Сол күні Мұса маған “Құдайым Ехобаға толық мойынсұнғаның үшін, аяғың басып келген жер мәңгіге сенің және ұлдарыңның мұралы иелігіне айналады”+ деп ант еткен еді. 10 Ехоба Мұсаға уәде берген+ кезден бері, исраилдіктер шөл далада жүрген+ 45 жыл бойы Ехоба мені аман сақтап келді+. Міне, енді жасым 85-ке келсе де, әлі алдарыңда жүрмін. 11 Мұса барлауға жіберген кездегідей, қуатым әлі де бойымда. Сол кездегідей қазір де қажыр-қайратым соғысуға да, басқа істерге де жетеді. 12 Сондықтан Ехоба сол күні уәде еткен таулы өңірді маған бер. Ол жерде үлкен әрі бекіністі қалалары бар+ енактар тұратынын+ сол күні өзің естіген едің. Бірақ Ехоба уәде еткендей, олардың жерін жаулап алуым+ үшін Ехобаның өзі маған жар болады+”.
13 Сонда Ешуа Епунех ұлы Халепке батасын берді де, Хеброн Халептің мұралы иелігіне өтті+. 14 Содан бері Хеброн кеназдық Епунех ұлы Халептің мұралы иелігі болып келеді, өйткені ол Исраил Құдайы Ехобаға толық мойынсұнды+. 15 Хебронның бұрынғы атауы Кирият-Арба+ болатын (Арба енактар арасындағы ең беделді адам еді). Содан бұл жер соғыстан тыным тапты+.