Еремия
43 Еремия күллі халыққа Ехоба Құдайларының айтқан бар сөзін жеткізді. Ол Ехоба Құдайлары халыққа айт деп жіберген осы сөздерді бірін қалдырмай айтып болғанда, 2 Хошаях ұлы Азариях, Қареях ұлы Жоханан+ және басқа да менмен адамдар Еремияға былай деді: “Айтып тұрғаныңыз өтірік! Сізді Ехоба Құдайымыз: —Қоныс тебу үшін Мысырға бармаңдар,— деп айтуға жіберген жоқ. 3 Сізді Нериях ұлы Барух+ бізге қарсы арандатуда. Ол бізді халдейлердің қолына беріп, өлтіртпекші не Бабылға жер аудартпақшы+”.
4 Қареях ұлы Жоханан, бүкіл әскер басшылары мен барша жұрт Ехобаның Яһуда жерінде қала беріңдер деген сөзіне мойынсұнбады. 5 Қареях ұлы Жоханан мен бүкіл әскер басшылары бытырап кеткен халықтардың арасынан Яһуда елінде тұру үшін қайтып келген яһудилердің тамтығын өздерімен ертіп алды+. 6 Олар еркектерді, әйелдерді, бала-шаға мен патшаның қыздарын және Шафанның+ немересі, Ахиқамның+ ұлы Ғодалияхтың+ қарамағына бас қорғаушы Набузардан+ қалдырып кеткен әрбір жанды, сондай-ақ Еремия пайғамбар мен Нериях ұлы Барухты да өздерімен әкетті. 7 Осылай олар Ехобаның айтқанына мойынсұнбай, Мысыр еліне барып, Тахпанхеске+ тоқтады.
8 Ехоба Тахпанхесте Еремияға сөзін арнап былай деді: 9 “Қолыңа үлкен тастар алып, оларды Тахпанхестегі перғауын сарайының кіреберісіне төселген кірпіштердің арасындағы қоспаға яһудилердің көзінше тығып қой. 10 Сосын оларға Исраилдің Құдайы, Әскербасы Ехоба мынаны айтады де: —Міне, мен қызметшім+ Бабыл патшасы Навуходоносорды алдыртамын. Оның тағын дәл осында өзім тыққан тастардың үстіне қоямын. Ол осы тастардың үстіне патша шатырын орнатады+. 11 Ол Мысырға келіп, оған соққы береді+. Сонда қатерлі індеттен өлетіндер індеттен өледі, тұтқынға кететіндер тұтқынға кетеді, семсерден қырылатындар семсерден қырылады+. 12 Мен Мысыр құдайларының үйлеріне от қоямын+. Бабыл патшасы үйлерін өртеп, оларды тұтқынға алып кетеді. Шопан үстіне жамылғысын орап алғандай, ол Мысыр елін үстіне орап алады. Сөйтіп, сол елден аман-есен қайтып кетеді. 13 Ол Мысыр еліндегі Бет-Шамиш* бағаналарын күл-талқан етіп, Мысыр құдайларының үйлерін өртеп жібереді”.