Мұсаның 3-жазбасы
24 Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға мынаны айтты: 2 “Шамдар үнемі жанып тұру үшін+, исраилдіктерге сығып алынған таза зәйтүн майын әкелуді бұйыр. 3 Харон кездесу шатырындағы куәлік сандығын тасалап тұрған шымылдықтың сыртындағы осы шамдардың кеш батқаннан таң атқанша Ехобаның алдында жанып тұруын қадағаласын. Бұл — сендерге және келер ұрпақтарыңа берілген мәңгілік нұсқау. 4 Ол Ехобаның алдында тұратын саф алтын шамдалдың+ үстіндегі шамдарын үнемі дайындайтын болсын.
5 Сапалы ұннан 12 тесік күлше пісір. Әр күлше ефаның оннан екі бөлігіндей* болатын ұннан жасалсын. 6 Оларды бірінің үстіне бірін қойып, алты-алтыдан екіге бөл де+, Ехобаның алдындағы саф алтын үстелге қой+. 7 Әр бөліктің үстіне таза ладаннан қой. Ол еске салатын тарту+ ретінде Ехобаға арнап өртеледі. 8 Күлшелер Демалыс күн сайын Ехобаның алдына қойылсын+. Бұл — исраилдіктермен мәңгілікке жасалған келісім. 9 Олар Харон мен оның ұлдарына тиесілі+. Күлшелер Ехобаға өртеп ұсынатын құрбандықтан діни қызметкерге тиген аса киелі үлес болғандықтан, қасиетті орында желінсін+. Бұл — мәңгілікке берілген нұсқау”.
10 Бірде мысырлыққа тұрмысқа шыққан исраилдік әйелдің ұлы исраилдіктердің қосына барады+. Сол жерде ол исраилдікпен төбелесіп қалып, 11 Құдайдың есіміне тіл тигізіп, қарғыс айтады+. Сондықтан оны адамдар Мұсаның алдына апарады+. Жігіттің шешесі Шеломит еді, ол дан руынан шыққан Дибридің қызы болатын. 12 Содан Ехобаның шешімі белгілі болғанша, ол тұтқынға алынады+.
13 Сонда Ехоба Мұсаға былай деді: 14 “Қарғыс айтқан адамды қостың сыртына шығарыңдар да, айтқанын естігендердің бәрі оның басына қолдарын қойсын. Сосын бүкіл қауым оны таспен атқылап өлтірсін+. 15 Сен болсаң исраилдіктерге мынаны айт: —Кімде-кім Құдайдың есіміне қарғыс айтатын болса, ол күнәсі үшін жауапқа тартылсын. 16 Ехобаның есіміне тіл тигізген адам тірі қалмасын+. Бүкіл қауым оны таспен атқылап өлтірсін. Құдай есіміне тіл тигізген адам, жатжерлік не исраилдік болсын, өлтірілуі тиіс.
17 Кімде-кім кісі өлтірсе, ол тірі қалмасын+. 18 Біреудің малын ұрып өлтірген адам келтірген залалдың орнын толтырсын, жан* үшін жан берілсін. 19 Егер адам біреуді жарақаттаса, оның басқаға істегені өзіне де істелінсін+: 20 сынық үшін сынық, көз үшін көз, тіс үшін тіс. Біреуге қандай зақым келтірсе, өзіне де сондай зақым келтірілсін+. 21 Адам малды ұрып өлтірсе, оның құнын төлесін+, ал кісіні ұрып өлтірсе, онда оның өзі өлтірілсін+.
22 Жатжерлік те, исраилдік те бірдей заңмен сотталу керек+. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын”.
23 Мұса осы сөздерді исраилдіктерге айтып болған соң, олар Құдай есіміне тіл тигізген адамды қостың сыртына шығарып, таспен атқылап өлтірді+. Осылайша олар Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай істеді.