Әйүп
36 Елиху сөзін былай деп жалғастырды:
2 “Тағы біраз шыдай тұрыңыз,
Әлі де Құдайды қорғап айтар сөзім бар.
3 Білгенімді алыстан орағытып айтайын,
Жаратушымның әділ екенін жария етейін+.
4 Сөздерімде еш жалғандық жоқ,
Сіздің алдыңызда кемелді білімнің Иесі+ тұр.
5 Иә, Құдай құдіретті+, бірақ ешкімнен бас тартпайды,
Оның даналығы ұшан-теңіз.
7 Әділдерді назарынан тыс қалдырмайды+,
Патшалармен бірге таққа отырғызып*+, оларды мәңгіге жоғарылатады.
8 Ал егер олар кісенделіп,
Бақытсыздықтың бұғауында болса,
9 Құдай оларға жасаған істерін ашып көрсетеді,
Менменсіп жасаған қылмыстарын әшкере етеді.
10 Түзету үшін құлақтарын ашады,
Жамандықтан бас тартуға шақырады+.
11 Егер олар мойынсұнып, оған қызмет етсе,
Өмірлерінде жетістікке жетіп, рақат ғұмыр кешеді+.
12 Ал мойынсұнбаса, семсерден қырылып+,
Білімсіз күйі көз жұмады.
13 Құдайсыздар* көңілінде ашу-ыза сақтайды.
Құдай оларды байлап тастаса да, көмек сұрап сиынбайды.
15 Алайда Құдай бақытсыздыққа ұшыраған бейшараны құтқарады,
Қысым көргенінде, тәлім беру үшін құлағын ашады.
16 Құдай сізді пәледен құтқарып алып+,
Жұбаныш болу үшін мол дастарқан жайылған+,
Еш кедергі кездеспейтін кең жерге әкеледі+.
17 Сонда зұлымдарға шығарылған үкімге көңіліңіз толады+,
Үкім жүзеге асырылып, әділдік орнағанда, жаныңыз жай табады.
18 Бірақ, байқаңыз, ашуға беріліп, оларды табалап жүрмеңіз+,
Мол пара сізді жолдан тайдырып жібермесін.
19 Әйтпесе көмек сұрап айқайлаған даусыңыз,
Тырмысып күш салғаныңыз сізді пәледен сақтап қала ма+?
20 Адамдар өз орнынан құрып жоқ болатын
Түнді аңсап күтпеңіз.
21 Жамандыққа бет бұрып кетпеңіз,
Азаптың орнына соны таңдап жүрмеңіз+.
22 Міне, Құдай айбынды күшімен әрекет етеді.
Оған тең келетін тәлімгер бар ма?!
23 Оның жолына бағыт беретін*
Немесе оған “Мынауың дұрыс емес!” дейтін кім бар+?!
24 Адамдар әнге қосқан оның істерін+
Дәріптеуді ұмытпаңыз+.
25 Оларды бүкіл адамзат көрді,
Жұрт оларды алыстан бақылап тұрады.
30 Қараңызшы, ол шатырының үстінен найзағай ойнатады+,
Теңіз тұңғиығын да су астына жасырып қояды.
32 Ол найзағайды қолымен қармап алып,
Нысанаға қарай бағыттайды+.
33 Құдайдың күркірі ол туралы жариялайды,
Тіпті мал да кімнің* келе жатқанын хабарлайды.