Әйүп
37 Бұдан менің жүрегім аттай тулап,
Орнынан ыршып кетейін деп тұр.
2 Құдайдың даусының гүрілін,
Аузынан шыққан күркірін, мұқият тыңдаңыз.
3 Ол оны бүкіл аспан астында жаңғыртады,
Найзағайын жердің шетіне дейін ойнатады+.
4 Бұдан кейін гүріл естіледі;
Ол зор дауыспен күркірейді+ де,
Даусы естілгенде, найзағайына ерік береді.
7 Әрбір пендеге Құдай өз істерін білдіру үшін,
Олардың іс-әрекетін тоқтатып тастайды.
8 Жабайы аңдар індеріне тығылады,
Сол жерде жасырынып жатады.
11 Ол бұлттарды ылғалдандырып ауырлатады,
Араларынан найзағай ойнатады+,
12 Құдай қайда бағыттаса, олар сонда көшеді,
Жер бетіне қатысты не бұйырса, соны істейді+.
15 Оның бұлттарға қалай билік жүргізетінін,
Қалай олардың арасынан найзағай ойнататынын білесіз бе?
16 Бұлттардың қалай қалықтап тұратынын білесіз бе+?
Бұлар кемелді білім Иесінің керемет істері+.
17 Оңтүстіктен жел соқса,
Неге киіміңіз ысып кетеді, ал жер міз бақпай тұра береді+?
19 Оған не айтуымыз керек, үйретіңізші?
Біз оған жауап бере алмаймыз, өйткені түнекте жүрміз.
20 Айтар сөзім бар екені оған хабарлануы керек пе?
Құлақ асуына тұрарлық маңызды сөз айтқан біреу бар ма+?
21 Күн нұры жарқырап тұрса да,
Жел бұлттарды қуып тастап, аспан ашылмайынша,
Адамдар жарықты көре алмайды.
22 Солтүстіктен алтын сәуле жарқырайды,
Құдайдың ұлылығы+ қастерлі сезімге бөлейді.