Ишая
55 “Ей, шөліркегендер+, келіп, су ішіңдер+!
Ақшасы жоқтар, сендер де келіп, тамақ алып жеңдер!
Иә, келіп, шарап пен сүт алыңдар+, еш ақысыз, тегін алыңдар+.
2 Қарын тойдырмайтын тамақ үшін несіне ақша төлейсіңдер?
Қанағаттандырмайтын нәрсе үшін несіне тер төгесіңдер?
3 Сөзіме құлақ түріп, маған келіңдер+.
Тыңдаңдар, сонда аман боласыңдар.
Мен сендермен мәңгілік келісім жасасуға дайынмын+,
Әрі мұны Дәуітке танытқан адал айнымас сүйіспеншілігіме сай істеймін+.
5 Сен өзің білмеген халықтарды шақырасың.
Сені білмеген халықтар саған қарай жүгіретін болады.
Мұны олар Құдайың Ехоба үшін+, Исраилдің Киелі Құдайы үшін істейді,
Өйткені ол сенің даңқыңды асырады+.
Мейірімді Құдайымыз Ехобаға қайта бет бұрсын+.
Себебі ол жомарттықпен кешіреді+.
9 —Көк жерден қаншама жоғары болса,
Менің жолдарым да сендердікінен соншама жоғары,
Ойларым да сендердікінен тым биік+.
10 Көктен жауған жаңбыр мен қар қайта орала салмайды,
Қайта, диқанға тұқым, жұртқа нан беру үшін,
Жерді суарып, көктетіп, өнім бергізеді.
11 Менің аузымнан шыққан сөзім де осыған ұқсайды+.
Ол нәтиже берместен өзіме қайта оралмайды+.
Қайта, міндетті түрде еркімді орындайды+,
Не үшін жіберген болсам, соны жүзеге асырады.
Бұл Ехобаның даңқын асырады+,
Мәңгі құрымайтын белгі болады”.