Мұсаның 2-жазбасы
20 Кейін Құдай мына сөздерді айтты+:
2 “Мен сені Мысыр елінен, құлдықтың үйінен, алып шыққан Ехоба Құдайыңмын+. 3 Менен басқа құдайларың болмасын+.
4 Аспандағы, жердегі не судағы еш нәрсенің қашалған мүсінін не бейнесін жасама+. 5 Оларға бас иіп табынба, құлшылық та етпе+. Өйткені мен, Ехоба Құдайың, өзіме қалтқысыз берілуді талап ететін* Құдаймын+. Мені жек көретіндердің күнәларының салдарын ұлдарына, немерелері мен шөберелеріне дейін тартқызамын. 6 Ал мені жақсы көріп, заңдарымды орындайтындарға+ мыңыншы ұрпағына дейін айнымас сүйіспеншілік танытамын.
7 Ехоба Құдайыңның есімін орынсыз аузыңа алма+. Ехоба өз атын орынсыз қолданатын адамды жазасыз қалдырмайды+.
8 Демалыс күнін ұстануды ұмытпай, оны киелі тұт+. 9 Алты күн еңбектеніп, барлық жұмысыңды жаса+. 10 Ал жетінші күн — Ехоба Құдайыңа бағышталған Демалыс күні. Сол күні өзің де, ұл-қызың да, құл-күңің де, малың да, тұратын жеріңдегі жатжерлік те ешқандай жұмыс істемесін+. 11 Ехоба алты күннің ішінде аспан мен жерді, теңіз бен ондағының бәрін жаратып, жетінші күні демалды+. Сондықтан да Ехоба Демалыс күніне батасын беріп, оны қасиетті деп жариялады.
12 Әке-шешеңді құрметте+. Сонда Ехоба Құдайың саған беретін жерде ұзақ ғұмыр кешесің+.
16 Біреу жайлы жалған куәлік берме+.
17 Біреудің үйін қалама. Оның әйелін, құлын, күңін, өгіз-есегін яки басқа да нәрсесін қалаушы болма+”.
18 Ал күллі халық күннің күркірі мен керней үнін естіп, найзағайдың ойнағанын және таудан түтін шығып жатқанын көргенде, қорыққаннан дірілдеп алыста тұра берді+. 19 Олар Мұсаға: “Бізбен өзің сөйлес, сені тыңдаймыз. Бізбен Құдай сөйлеспесінші, әйтпесе өліп кетеміз”+,— деді. 20 Сонда Мұса халыққа былай деді: “Қорықпаңдар, Құдай сендерді сынау үшін+ және әрдайым өзінен қорқып, күнә жасамауларың үшін келді+”. 21 Халық алыстау жерде тұра берді. Мұса болса Құдай тұрған жерге, қалың бұлтқа, жақындап барды+.
22 Ехоба Мұсаға былай деді: “Исраилдіктерге мынаны айт: —Сендерге көктен тіл қатқанымды+ өздерің көріп-естідіңдер. 23 Алтыннан не күмістен өздеріңе тәңір жасамаңдар, өйткені менен басқа құдайларың болмау керек+. 24 Маған арнап топырақтан құрбандық орнын жасап, оның үстінде ірілі-ұсақты малыңнан маған өртелетін құрбандық пен татулық құрбандығын* ұсыныңдар. Атым еске алыну үшін таңдап алған кез келген орынға келіп+, сендерге батамды беремін. 25 Құрбандық орнын тастан соқсаңдар, тастары қашалмасын+. Өйткені қашауды қолдансаңдар, оны арамдайсыңдар. 26 Сондай-ақ адамның жалаңаш бұты көрініп қалмас үшін, құрбандық орнына баспалдақ жасамаңдар.