Зәбүр
Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән.
130 Қатты қиналғанымда өзіңді шақырамын, уа, Ехоба+.
2 Уа, Ехоба, үнімді ести көрші.
Көмек сұрап жалбарынғанымда, лайым құлақ түргейсің.
4 Бірақ адамдар сені қастерлеу үшін,
Олардың күнәларын толықтай кешіресің+.
5 Мен үмітімді Ехобаға артамын,
Бар болмысыммен үміттенемін,
Сөзінің орындалғанын күтемін.
6 Мен Ехобаны тағатсыздана күтемін+,
Күзетшінің таңды күткенінен бетер+,
Иә, күзетшінің таңды күткенінен бетер зарыға күтемін.
7 Лайым Исраил Ехобаны күтуден жалықпасын.
Өйткені Ехобаның айнымас сүйіспеншілігі мол+,
Халқының құнын өтеп алатын құдіреті зор.
8 Ол Исраилдің күнәларының құнын өтеп алады.