Ишая
Құнарлы қырат беткейінде сүйіктімнің жүзімдігі бар еді.
2 Ол жүзімдігінің топырағын қопсытып, тастардан тазартып,
Таңдаулы қызыл жүзім бұталарын екті.
Ортасына мұнара тұрғызды,
Тастан қашап жүзім сығатын орын да жасады+.
Содан жақсы жеміс береді деп күтіп жүрді,
Алайда жүзімдігі тек жабайы жеміс берді+.
3 Сондықтан ол былай деді:
“Кәне, Иерусалим тұрғындары мен Яһуда азаматтары,
Жүзімдігіммен арамызда болған жайтқа төрелік айтыңдаршы+.
Жақсы жеміс береді деп күткенімде,
Неге ол тек жабайы жеміс берді?
5 Оған енді не істейтінімді сендерге айтып берейін:
Шарбағын бұзып-талқандаймын,
Сонда оны өрт жалмайды+.
Тас дуалын қиратамын,
Сонда ол жермен-жексен боп тапталады.
6 Оны қаңыраған жерге айналдырамын+,
Сабақтары кесілмейді, түбі де қопсытылмайды,
Оны тікенді бұта мен арамшөп басады+.
Бұлттарға бұйрық беріп, үстіне жауын да жауғызбай қоямын+.
Ол әділдікті күткен еді+,
Бірақ әділетсіздік жасалып жатқанын көрді.
Ол туралықты күткен еді,
Бірақ зар еңірегендердің үнін естіді+”.
Сендер басқаларға жер қалдырмай,
Бүкіл елде өздерің ғана тұрып жатырсыңдар.
9 Мен Әскербасы Ехобаның ант бергенін естідім,
Көп үйлер, зәулім де әсем болғанына қарамай,
Ешкім тұрмайтын, қорқынышты үйіндіге айналады дегенін естідім+.
11 Ішімдік ішу үшін ерте тұратындар+,
Шарапқа мас болып, қараңғы түскенше отыратындар қасіретке қалады!
12 Олар той-думандарында арфа мен ішекті аспап тартады,
Даңғыра мен сыбызғыда ойнайды, дастарқандарына шарап қояды.
Бірақ ешқайсысы Ехобаның ісін елемейді,
Оның іс-әрекеттеріне көңіл бөлмейді.
13 Сондықтан халқым тұтқынға айдалады,
Себебі мені танып-білмеді+.
Беделді кісілері аштыққа ұшырайды+,
Күллі жұрт шөл азабын тартады.
Қаланың атақтылары, шулы тобыры мен сауық-сайран құрып жүргендері
Соған барып түседі.
15 Сонда пенде төмендетіледі, көкірегі басылады,
Тәкаппар адам масқара болып, көзімен жер шұқиды.
16 Әскербасы Ехоба әділеттілігі арқылы асқақтайды,
Шынайы да Киелі Құдай+ әділдігі+ арқылы киелілігін паш етеді.
17 Үйінділер арасында тоқтылар емін-еркін жайылатын болады.
Кезінде бордақы мал жайылған, ал енді қаңырап бос қалған жердің өнімін жатжерліктер жейтін болады.
18 Заңсыздықтарын алдамшылық арқанымен,
Күнәларын арба тартатын арқанмен сүйреп жүретіндер қасіретке қалады!
19 “Ол істейтінін тезірек істесін,
Жылдамдатсын, біз көрейік!
Исраилдің Киелі Құдайының ниеті орындалсын,
Біз оны білетін болайық!”— дейтіндер қасіретке қалады+!
20 Жақсыны жаман, жаманды жақсы дейтіндер+,
Түнекті жарық, жарықты түнек,
Ащыны тәтті, тәттіні ащы деп есептейтіндер қасіретке қалады!
22 Шарап ішудің озаттары,
Ішімдікті араластырып ішудің шеберлері+,
23 Пара алып, зұлымды ақтайтындар+,
Әділді кінәлі деп табатындар қасіретке қалады+!
24 Олар от жалмаған сабандай,
Жалын шарпыған қураған шөптей құриды.
Тамырлары шіріп, бүршіктері шаң-тозаңдай ұшып кетеді.
Себебі олар Әскербасы Ехобаның заңынан бас тартты,
Исраилдің Киелі Құдайының сөзін аяқасты етті+.
25 Міне, сол себепті Ехоба өз халқына қаһарын лаулатады,
Қолын созып, оларды жазалайды+.
Таулар шайқалады да,
Олардың мәйіттері қоқыс іспетті көшелерде жататын болады+.
Сондықтан Құдайдың қаһары басылмайды,
Оның қолы жазалау үшін әлі де созулы тұр.
Міне, олар асығып келе жатыр+.
27 Ешқайсысы шаршамайды, сүрінбейді,
Қалғымайды да, ұйықтамайды да.
Белбеулері босамайды,
Сандалдарының баулары да үзілмейді.
28 Жебелерінің бәрі өткір, садақтары июлі тұр,
Аттарының тұяқтары шақпақтастай қатты,
Арбаларының дөңгелектері құйындай жүйткиді+.
Ырылдап, жемтігіне бас салады,
Олжасын сүйреп әкетеді, оны ешкім де құтқармайды.
30 Сол күні олар буырқанған теңіздей,
Жемтігінің үстінен ақырады+.
Сол елге қараған адам түнерген қараңғылықты көреді,
Ел үстіне төнген бұлттан жарық та күңгірт тартады+.