Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Гиттит*. Қорах ұлдарының әні+.
Бар жүрегіммен, күш-қуатыммен тірі Құдайға қуана ән саламын.
3 Уа, Әскербасы Ехоба, Патшам әрі Құдайым,
Сенің ұлы құрбандық ошағыңның маңынан
Тіпті құс та пана табады.
Қарлығаш та ұя салып, балапан басады.
4 Сенің үйіңде тұратындар қандай бақытты еді+!
Олар сені дәріптей береді+. (Села)
Ерте жауған жаңбыр оны мадаққа бөлейді*.
7 Жүрген сайын күш-қуаттары артады+,
Әрқайсысы Сионда Құдайдың алдында тұрады.
8 Уа, Әскербасы Ехоба, дұғама құлақ салшы,
Уа, Жақыптың Құдайы, тыңдашы. (Села)
10 Аулаларыңда өткізген бір күн басқа жерде өткізген мың күннен артық+!
Зұлымдардың шатырында өмір сүргеннен гөрі,
Құдай үйінің табалдырығында тұрғаным артық!
11 Ехоба Құдай — күніміз+ әрі қалқанымыз+.
Ол ықыласын түсіреді, мерейіңді өсіреді.
Ехоба мінсіздіктен таймай жүретіндерді
Ешбір игіліктен құралақан қалдырмайды+.