Мұсаның 4-жазбасы
12 Мұса құштық әйелге үйленген болатын+. Сол әйел үшін Мәриям мен Харон Мұсаның сыртынан күңкілдей бастады. 2 Олар: “Немене, Ехоба тек Мұса арқылы ғана сөйлей ме? Ол біз арқылы да сөйлейді емес пе?”+— деумен болды. Бұл сөздердің бәрі Ехобаның құлағына жетті+. 3 Мұса жер бетіндегі ең момын*+ адам болатын.
4 Ехоба кенеттен Мұсаға, Харон мен Мәриямға: “Үшеуің де кездесу шатырына келіңдер”,— деді. Үшеуі сол жерге барды. 5 Ехоба бұлт бағанасымен төмен түсті де+, шатырдың кіреберісінде тұрып, Харон мен Мәриямды шақырды. Олар алға шықты. 6 Сонда ол былай деді: “Менің сөздеріме құлақ түріңдерші. Егер араларыңнан Ехобаның пайғамбары шықса, мен оған өзімнің кім екенімді аян арқылы ашып+, онымен түсінде сөйлесер едім+. 7 Ал қызметшім Мұсамен бұлай емес. Оған бүкіл халқымды сеніп тапсырдым*+. 8 Мен онымен жүзбе-жүз, жұмбақтамай, ашық сөйлесемін+. Ол Ехобаның бейнесін көрді. Олай болса, қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуге қалайша дәттерің барды?”
9 Ехобаның қатты ашуы келіп, олардың қасынан кетіп қалды. 10 Бұлт киелі шатырдан жоғары көтеріліп кеткенде, Мәриямның денесін аппақ қардай алапес басып кетті+. Харон Мәриямға бұрылып қарап, оның алапеске ұшырағанын көрді+. 11 Ол дереу Мұсаға: “Мырзам, жалынамын! Ақымақтықпен жасаған күнәміз үшін бізді айыптай көрме! 12 Мәриямның ана құрсағынан жартылай шіріп, өлі туылған баладай болуына жол берме!”— деп өтінді. 13 Сонда Мұса Ехобаға жалбарынып: “Уа, Құдай, өтінем, оны сауықтыра көр!”— деді+.
14 Ехоба Мұсаға: “Егер әкесі оның бетіне түкірсе, масқара болып, жеті күн бойы ұялып жүрмес пе еді?! Ендеше, Мәриям жеті күн қостың сыртында бөлек тұрсын+. Сосын қайта оралуына болады”,— деп жауап берді. 15 Осылайша Мәриям жеті күн бойы қостың сыртында бөлек тұрды+. Ол қайтып келгенше, халық жолға шыққан жоқ. 16 Содан кейін олар Хазероттан+ шығып, Паран шөліне+ барды да, қостарын сол жерге тікті.