Нақыл сөздер
27 Ертеңгі күнмен мақтанба,
Өйткені сол күні не боларын білмейсің+.
2 Сені өз аузың емес, өзге біреу мақтасын,
Өз тілің емес, өзгелер мақтасын+.
4 Қаһар қатыгез, ашу — тасқын,
Ал қызғанышқа кім төтеп бере алар+?
5 Жасырған сүйіспеншіліктен гөрі ашық әшкере артық+.
7 Қарны тоқ ұядағы балды таптар,
Ашыққан жанға ащы тағам да тәтті болар.
8 Үйінен адасқан* адам
Ұясынан адасқан құсқа ұқсар.
9 Жүрек қуанар май мен хош иісті заттан,
Шын көңілден кеңес беретін жан достан+.
10 Өз досыңды да, әкеңнің досын да тастама,
Басыңа күн туғанда бауырыңның үйіне кірме;
Алыстағы бауырдан, жақындағы көрші артық+.
13 Біреуге кепіл болғанның киімін ал,
Азғын әйелге баратыннан кепілдік ал+.
14 Таң сәріде айғайлап біреуге бата бергенді
Жұрт қарғап жатыр деп ойлап қалар.
15 Ұрысқақ әйел жауынды күні су тамшылаған тесік шатырдай+.
16 Оны тыя алған адам желді де тыяр,
Оң қолымен сұйық майды да ұстап тұрар.
19 Суға қараған өзінің бет-жүзін көрер,
Біреудің жүрегінен басқанікі көрінер.
22 Ақымақты бидай сияқты келіде түйсең де,
Оны ақымақтығынан еш арылта алмассың.
25 Көк шөп қурап, орнына жаңасы шығар,
Таудың шөбі де жинап алынар.
26 Тоқтыларың киіміңе жарар,
Текелерің жердің құны болар.
27 Ешкі сүті жеткілікті болар өзіңе де,
Үй ішің мен қызметші қыздарыңа да.