Мұсаның 5-жазбасы
10 Сонда Ехоба маған: —Алғашқы тақташалар іспетті тастан екі тақташа қашап алып+, менің қасыма тауға көтеріл. Сондай-ақ ағаштан сандық жаса. 2 Мен жаңа тақташаларға өзің сындырып тастаған тақташалардағы сөздерді жазып беремін. Сосын оларды сандыққа салып қой,— деді. 3 Мен қараған ағашынан сандық және тастан қашап, алғашқыларына ұқсас екі тақташа жасап алдым. Сөйтіп, екі тақташаны қолыма алып, тауға көтерілдім+. 4 Ехоба оларға алғашқыларына жазған сөздерді+, Он заңды*, жазды+. Бұларды ол сендер тау етегінде жиналған күні+ от ішінен айтқан еді+. Содан Ехоба тақташаларды маған берді. 5 Мен кері бұрылып, таудан түстім де+, Ехоба бұйырғандай, тақташаларды өзім жасаған сандыққа салып қойдым. Олар әлі күнге дейін соның ішінде.
6 Кейін исраилдіктер Берот-Бене-Жақаннан Мосерге көшті. Сол жерде Харон қайтыс болып, сонда жерленді+. Оның орнына ұлы Елазар діни қызметкер болды+. 7 Сол жерден Ғұдғодаға, ал Ғұдғодадан аңғарларында ағып жатқан өзендері бар Жотбатаға+ көшті.
8 Сол уақытта Ехоба леуі руын+ Ехобаның келісім сандығын көтеріп жүру үшін+, Ехобаның алдында қызмет ету үшін және оның атынан халыққа бата беру үшін бөліп алды+. Олар осы қызметті бүгінгі күнге дейін атқаруда. 9 Міне, сондықтан да леуі руы бауырларының арасынан үлес не мұра алған жоқ. Ехоба Құдайларың леуіліктерге айтқандай, олардың үлесі — Ехобаның өзі+. 10 Мен, алғашқы жолғыдай, тауда 40 күн, 40 түн болдым+. Ехоба мені бұл жолы да тыңдады+, сол себепті де Ехоба сендерді жойған жоқ. 11 Содан кейін Ехоба маған: —Халықты жолға дайындап, мен ата-бабаларына беремін деп уәде еткен жерді иемденуі үшін оларды бастап алып жүр,— деді+.
12 Уа, Исраил, Ехоба Құдайың сенен нені талап етеді+? Ехоба Құдайыңнан қорқуды+, оның жолдарымен жүруді+, оны сүюді, Ехоба Құдайыңа бар жүрегіңмен және бүкіл жан-тәніңмен қызмет етуді+, 13 сондай-ақ өзіңе жақсы болу үшін, Ехобаның бүгін мен арқылы бұйырып отырған заңдары мен нұсқауларын орындауды ғана емес пе+?! 14 Міне, көк те, көктің көгі де, жер мен ондағылардың бәрі де Ехоба Құдайларыңа тиесілі+. 15 Ехоба тек сендердің ғана ата-бабаларыңды өзіне жақындатып, сүйіспеншілігін танытты. Олардың ұрпақтары болған сендерді ғана Құдай барлық халықтардың арасынан таңдап алды+. Енді оның халқысыңдар. 16 Сондықтан жүректеріңді тазартып*+, тоңмойындықты қойыңдар+. 17 Өйткені Ехоба Құдайларың — құдайлардың Құдайы*+, иелердің Иесі, қастерлі сезім оятатын, ұлы да құдіретті Құдай. Ол ешкімді алаламайды+, пара да алмайды. 18 Ол жетім-жесірлер үшін әділдік орнатады+, жатжерлікті жақсы көріп+, ас-сумен және киіммен қамтамасыз етеді. 19 Сендер де жатжерліктерді жақсы көріңдер, өйткені өздерің де Мысыр елінде жатжерлік болғансыңдар+.
20 Ехоба Құдайларыңнан қорқыңдар, соған ғана қызмет етіп+, етене жақын болыңдар, тек соның есімімен ант беріңдер. 21 Оны ғана мадақтаңдар+. Ол — өз көзіңмен көрген ұлы істерді, қастерлі сезім оятатын істерді жасаған Құдайларың+. 22 Мысырға келгенде, ата-бабаларың тек 70 жан болатын+, ал қазір Ехоба Құдайларың сендерді аспандағы жұлдыздардай көбейтіп отыр+.