Тімөтеге 1-хат
1 Құтқарушы Құдайымыздың және үмітіміздің негізі Мәсіх Исаның+ бұйрығымен Мәсіх Исаның елшісі болған мен, Пауыл, 2 сенім жолындағы шынайы балам+ Тімөтеге*+ жазып отырмын.
Құдай Әкеміз бен Иеміз Мәсіх Иса саған рақымын, мейірімі мен тыныштығын сыйласын!
3 Македонияға кетіп бара жатқанымда талпындырғанымдай, сені тағы талпындырып отырмын: Ефесте қалып, жалған ілім таратып жүргендерге, 4 аңыздар+ мен шежірелерге көп көңіл бөлетіндерге тыйым сал. Мұндай нәрселердің еш пайдасы жоқ+, тек түрлі болжамдар тудырады. Бұлар Құдайдың сенімді нығайту үшін беріп жатқан нәрселеріне жатпайды. 5 Ал мен берген нұсқаудың мақсаты — пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен+ бастау алатын сүйіспеншілік ояту+. 6 Кейбіреулер бұлардан бас тартып, бос әңгімелерге беріліп кетті+. 7 Олар заңды үйрететін ұстаз болғысы келеді+, бірақ өздері не айтып жатқандарын да, нені табан тіресіп дәлелдеп жатқандарын да түсінбейді.
8 Ал біз, дұрыс қолданылса, Заңның жақсы екенін білеміз. 9 Өйткені заң әділдер үшін емес, заңсыздар+, бүлікшілер, құдайсыздар, күнәкарлар, опасыздар*, қасиеттіні аяқасты ететіндер, әкесін не шешесін өлтіретіндер, кісі өлтірушілер, 10 азғындар*, еркекқұмар еркектер*, кісі ұрлаушылар, өтірікшілер, антбұзғыштар* және дұрыс ілімге қайшы келетін басқа да нәрселерді істейтіндер үшін орнатылғанын түсінеміз+. 11 Бұл дұрыс ілім бақытты Құдайдың маған сеніп тапсырған ұлы ізгі хабарына+ сай келеді.
12 Мен Иеміз Мәсіх Исаға дән ризамын. Ол маған күш-қуат берді, әрі мені сенімді деп тауып, өз қызметін сеніп тапсырды+. 13 Ол мұны бұрын Құдайға тіл тигізуші, қудалаушы, арсыз* болсам да істеді+. Соған қарамастан маған мейірімділік көрсетілді, себебі мен сенімім болмағандықтан білместікпен осылай әрекет еттім. 14 Бірақ Иеміздің рақымын молынан көрдім, сондай-ақ Мәсіх Иса арқылы сенім мен сүйіспеншілікке кенелдім. 15 Мына сөздер сенім артуға тұрарлық, әрі оны толық қабылдау қажет: Мәсіх Иса осы дүниеге күнәкарларды құтқару үшін келді+. Солардың ішіндегі ең күнәкары менмін+. 16 Әйтсе де барып тұрған күнәкар болған мен арқылы өзінің шыдамдылығын барынша көрсету үшін Мәсіх Иса маған мейірімділік танытты. Осылай өзіне сеніп, мәңгілік өмірге ие болатындарға+ мені үлгі етті.
17 Мәңгілік Патша+, еш құрымайтын+, көзге көрінбейтін+, жалғыз Құдай+ мәңгі бақи құрметтеліп, дәріптеле берсін! Аумин.
18 Тімөте, балам, бұл нұсқауды өзіңе қатысты айтылған пайғамбарлықтарға сәйкес беріп отырмын. Сол пайғамбарлықтарға сай ізгі күрес жүргіз+, 19 мұны сеніміңді берік, ар-ұжданыңды таза сақтай отырып істе+. Кейбіреулер ар-ұждандарынан безіп, сенімдері апатқа ұшыраған кеме сияқты қирады. 20 Солардың арасында Именей+ мен Ескендір бар. Мен оларды жазаланып, Құдайға тіл тигізбеуді үйренсін деп Шайтанға тапсырдым+.