Зәбүр
Жыр. Демалыс күніне арналған ән.
92 Ехобаға алғыс айтқан жақсы+,
Уа, Құдай Тағала, есіміңді мадақтап ән айтқан жақсы.
2 Таңертең айнымас сүйіспеншілігіңді,
Түнде адалдығыңды жариялаған жақсы+.
3 Иә, он ішекті аспаптың,
Сазды арфаның сүйемелдеуімен жариялаған жақсы+.
4 Өйткені, уа, Ехоба, істеріңмен мені қуантасың;
Қолыңмен жасаған істерді көріп, шаттана ән саламын.
5 Уа, Ехоба, істерің неткен ұлы еді+!
Ойларың неткен терең еді+!
6 Санасыз адам бұларды білмейді,
Ақымақ адам мынаны түсіне алмайды+:
8 Ал сен, уа, Ехоба, мәңгі бақи асқақтай бересің.
9 Уа, Ехоба, жауларыңа масаттана қарашы,
Дұшпандарыңның қалай құритынына қарашы.
Күнәкарлардың бәрі бытырап кетеді+.
10 Бірақ сен менің күшімді жабайы бұқанікіндей тасытасың;
Мен денеме май жағып, сергіп қаламын+.
11 Дұшпандарымның жеңілгенін көзім көреді+,
Маған тап берген зұлымдардың күйрегенін құлағым естиді.
13 Ехобаның үйінде отырғызылған олар
Құдайымыздың аулаларында+ құлпырады.
14 Жасы ұлғайса да, жеміс әкеледі+,
Қайраты мол, балғын күйде қала береді+,
15 Әрдайым Ехобаның әділдігін жария етеді.
Ол — менің Жартасым+; оған әділетсіздік жат.